$ 494.87  520.65  4.91

Алматыдағы коронавирус жұқтырған әйел Франкфурт қаласынан ұшып келген

Ол 18 наурызда дене температурасының 37 градусқа дейін көтеріліп, тамағының ауруынан өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырған және қалалық клиникалық инфекциялық ауруханаға жеткізілген.

Мамандар Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін, яғни 18 наурызда сағат 19.00-де COVID-2019 жұқпасын жұқтырған тағы бір әйел анықталды. 37 жастағы әйел Франкфурт - Нұр-Сұлтан - Алматы бағыты бойынша 16 наурызда ұшып келген. Дерт жұқтырған әйел 14 күндік үй карантиніне алынды. Өйткені, Германия «1б» санатына жатады.

Әйел 18 наурызда дене температурасының 37 градусқа дейін көтеріліп, тамағының ауруынан өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырған және қалалық клиникалық инфекциялық ауруханаға жеткізілген. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық. Алматы қаласы аумағында әйелмен байланыста болған адамдар оқшауланды.

Қазіргі кезде Алматының инфекциялық ауруханасында 15 пациент бар. Ал балалардың инфекциялық ауруханасында 2 бала мен сондағы бір баланың анасы ем алып жатыр. Олардың барлығы бекітілген хаттамаға сәйкес емделуде, вирусқа қарсы және симптоматиялық терапия уақытылы жүргізілуде. Барлық пациенттердің жағдайлары қанағаттанарлық екені хабарланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары