$ 444.22  476.38  4.82

Дәрігер өкпенің коронавирусқа қарсы тұра алатынын қалай анықтауға болатыны туралы үш тест ұсынды (ВИДЕО)

Ең алдымен, адам өз мойнын қолымен барынша қысуы керек. Егер сіздің саусақтарыңыз қосылмаса, сізде семіздік болуы мүмкін.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

 Өкпенің коронавирусқа қарсы тұра алатынын қалай анықтауға болады? Оған қажетті қарапайым үш тест қандай? Бұл сұраққа белгілі ресейлік тележүргізуші әрі дәрігер Елена Малышева жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 "Жить здорово" бағдарламасынан кадр "Жить здорово" бағдарламасының тележүргізушісі өз Instagram парақшасында видеоролик жариялады. Дәрігердің айтуынша, адам өкпесінің коронавирусқа төтеп бере алатынын қарапайым үш тест арқылы анықтай алады. Ең алдымен, адам өз мойнын қолымен барынша қысуы керек. Егер сіздің саусақтарыңыз қосылмаса, сізде семіздік болуы мүмкін. 

Семіздік, қорылду және ұйқыдағы тыныс алудың тоқтауы адамды қауіп-қатер тобына жатқызады деп хабарлады дәрігер. Ал екінші тестке әуе шары қажет. Сіз оны бір деммен үрлеп, артынша диаметрін өлшейсіз. 

Малышеваның сөзінше, бір тыныспен үрлеген шар диаметрі 15 сантиметрден аз болса, уайымдауға себеп бар. Ал өкпе қуатын анықтайтын үшінші тест жүргізу үшін бір-біріне бүгілген сұқ саусақтарды қосу керек.

 Тележүргізушінің сөзінше, егер мұндай қалыпта саусақтар арасы ашылар болса, адамда өкпенің созылмауы ауруы болуы мүмкін. Мұндай жандар қауіп-қатер тобында болады. Ал олар өз-өзін міндетті түрде оқшаулауы тиіс. Айта кетейік, дін мамандары коронавирус пандемиясы кезінде ораза ұстайтындардың саны артпаса, кемімейтінін алға тартуда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары