13.04.2020, 22:35

«Бізде отделениеде совсем больной жоқ!»: үйлеріне бара алмай жатқан дәрігерлер шу шығарды (ВИДЕО)

фото: centralasia.media
Жазбаға пікір қалдырған көпшілік бұл жайттың Атырау облыстық ауруханасында болғанын айтуда.

Сергей Скрипник есімді азамат facebook парақшасына карантиндегі әлдебір қазақ дәрігерлердің үйлеріне жете алмай, шуылдасып тұрған видеосын жүктеді. Оны қазір өзге желі қолданушылар көшіріп алып таратып жатыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Аурулар мүлде жоқ, ал дәрігерлерді үйлеріне жібермейді. Олар тұтқын ба, не? Сонда олардың «Коронавирус» деп аталатын спектакльде ойнауға мәжбүр болғаны ма?» - дейді жазба авторы.

Себебі, видеода бас дәрігер ме, комиссия мүшесі ме, әйтеуір, ақ халатты бір кісінің төңірегіне жиналған медицина қызметкерлері оған наразылық танытып тұр.

«Бәріміз бір жерге барғанмен, бәріміз бір-бір бөлмеде боламыз», - дейді әлгі «ақ халатты абзал жан». Бірақ, онысына көнбеген бір дәрігер өзі білетін шындықты айтып, бетбақтырар емес.

«Неге бір-бір бөлмеден? Анда бір-бір санитарка, бір-бір сестра жалғыз қалса, психоз басталады. Менде, былай қарасаң, отрицательный шықты, семьяма бара алмай отырмын. Он күн болды, 1-інен бастап осында дежурствода жүрміз. Бізде отделениеде совсем больной жоқ! Не масқара мынау?! Қашан үйге барамыз? Қашан семьямызға барамыз?» - деп айқайға басты ол.

Жазбаға пікір қалдырған көпшілік бұл жайттың Атырау облыстық ауруханасында болғанын айтуда. Дәрігердің сөзін естіп алған олардың дені елді індеттің жайлағанына сенімсіздік танытса, қалғаны облыстық және инфекциялық ауруханаларды бір-бірімен шатастырмау керектігін, облыстық ауруханада сырқаттар болмаса да карантинге жабылып, алдын алу шарасы жасалатынын түсіндіріп баққан.

«Тв-дан врачтар сөйлейді ғой, «Біз сіз үшін жұмыс істейміз, сіз біз үшін үйде қалыңыз» деп. Ал енді не болды?» - депті көптің бірі. Қызық...