$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізу басталды

Олардың арасында құстардың жоғары патогенді тұмауы мен жоғары патогенді шошқа тұмауына, нодулярлық дерматитке қарсы вакциналар, әрі бруцеллезге қарсы жаңа векторлық вакцина да бар.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Қазақстандық ғалымдар COVID-19 вирусына қарсы инактивтендірілген вакцинаны клиникаға дейінгі сынақтан өткізуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz, Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық ғалымдардың әзірлемесін тіркеуге алды және клиникаға дейінгі сынақтан өткізуге рұқсат берілген кандидаттық вакциналардың тізіміне қосып, өз сайтында  жариялады.

Короновирусқа қарсы инактивтендірілген вакцинаны ҚР БҒМ Ғылым комитетінің биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері әзірледі. Вакцина Қазақстан аумағында қауіпті індетпен ауырған адамдардан бөлінген вирус штаммының негізінде жасалды.

Осы орайда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, оларды құттықтады.

"Бұл – қазақстандық ғылымның мемлекетіміздің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ елдің мықты ғылыми әлеуетінің дәлелі. Институт ұжымы қауіпті және аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналардың жаңа түрлерін әзірлеуде өз маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді", - делінген жеделхатта.

Ендігі кезекте институт ғалымдары клиникаға дейінгі сынақтарды жүргізуі керек. Осылайша, Қазақстан ресми түрде COVID-19 вирусына қарсы инактивтендірілген вакцинаны әзірлеуші елдер қатарына енді.

Айта кетейік, биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты қауіпті және аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналардың 67 түрін, 15 тест-жүйе мен 30-дан астам биопрепараттарды әзірлеп, өндіріске енгізген. Олардың арасында құстардың жоғары патогенді тұмауы мен жоғары патогенді шошқа тұмауына, нодулярлық дерматитке қарсы вакциналар, әрі бруцеллезге қарсы жаңа векторлық вакцина да бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары