Елордада Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны екі есеге азайыпты. Мұны бүгін астананың бас дәрігері Сәуле Қисықова қуана жеткізді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Өткен тәулікте 36 тұрғын вирус жұқтырған екен. Дертке шалдыққандардың басым бөлігі – вирус табылған азаматтармен жақын қарым-қатынаста болғандар. Сонымен бірге, қала ауруханаларында жатқандардың арасында жағдайы тым нашар науқастар бар.
«Қазіргі таңда 10 науқас тұрақты ауыр халде жатыр. Оның екеуі жасанды өкпе желдеткішіне қосылған. Жаңа салынған модульдік жұқпалы ауруханада 180 науқас ем алуда. Жағдайлары қалыпты. Үш науқас жансақтау бөлімінде жатыр», - дейді Сәуле Қисықова.