Қалалық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, елорда ауруханаларына келіп түсушілердің елу пайызына пневмония диагнозы қойылып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қисықованың мәліметінше, бұрындары күніне пневмониясы бар 4-5 адам қабылдап келсе, пандемияның кезінде олардың саны 500 – ге дейін жеткен. «Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бастап орта есеппен күн сайын пневмониямен ауыратын бес пациент қабылдайтынбыз. Маусым айынан бастап бұл көрсеткіш орташа есеппен алғанда 500-ге дейін көтерілді. Олардың тең жартысына вирустық пневмония диагнозы қойылып жатыр», - дейді ол.
Маманның айтуынша, бұл науқастардың 90 пайызының жағдайы орташа ауыр. Қалған он пайызының жағдайы ауыр және өте ауыр болып отыр.
«Қазіргі таңда жұқпалы және уақытша емдеу мекемелеріндегі нуқастар саны 1711 адамды құрап отыр. Әрі бұлардың 80 пайызы жансақтау бөліміне жіберілді. Желдеткішке қосылған адамдардың саны да төрт есеге өсіп отыр», - дейді Қисықова.