Денсаулық 17.07.2020 сағат 04:55

«Күніне 50 адамға дейін ұлғайды»: Ақтаудағы өлім-жітімнен молалардың ауқымы кеңейіп барады

«Бұл жерде христиандар да, мұсылмандар да бар. Христиандар күніне орташа 10 болса, мұсылмандар 3-4 есеге көп», - дейді Жерлеу рәсімі агенттігінің директоры.
«Күніне 50 адамға дейін ұлғайды»: Ақтаудағы өлім-жітімнен молалардың ауқымы кеңейіп барады
фото: azattyq.org
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өлім көрсеткіші күрт өсті. Ақтау тұрғындары молалардың көптігінен шошып отыр. Ресми дерек бойынша, аймақта коронавирустан 12 адам қайтыс болғанмен, өкпе қабынуынан қанша адамның жер құшқаны жөнінде әлі дерек жоқ. Ал жерлеу рәсімімен айналысатын орталықтар марқұмдардың саны шынында артқанын растады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Соңғы екі аптадан бері іс насырға шапқандай. Осыған дейін өңірде күніне орташа 5 адамды жерлесе, қазір бұл көрсеткіш 50-ге дейін өскен. Бұл – тек облыс орталығындағы статистика. Жергілікті тұрғындардың дені бетпердемен жүргенмен, көрінбейтін кеселдің алдында оның өзі қауқарсыз.

Ақтаудағы жерлеу рәсімі орталығының мәліметінше, адамдар көктемде негізінен онкология мен жүрек ауруынан қайтыс болған. Қазіргі ахуал мүлде бөлек. Өкпе қабынуынан көз жұмғандардың саны өсіп кеткен.

«Осыдан бірнеше апта бұрын басталды. Бірден 17, одан кейін келесі күні 28 адамға бір-ақ өсті. Басқа күндері көрсеткіш 40, тіптен 50 адамға дейін ұлғайды. Бұл жерде христиандар да, мұсылмандар да бар. Христиандар күніне орташа 10 болса, мұсылмандар 3-4 есеге көп. Көбіне бәрі өкпе қабынуынан көз жұмып жатыр», - дейді Жерлеу рәсімі агенттігінің директоры Наталья Серова.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар