$ 498.51  522.84  4.81

«Мемлекетке барлық деңгейдегі көмек керек» – дәрігер

Статистика қайта квалификацияланған кезде, COVID-19 жұқтырғандар саны күрт өскендей көрінеді.
фото: inbusiness.kz
фото: inbusiness.kz

Қазақстан пневмония мен коронавирус инфекциясының статистикасын біріктірген кезде, яғни, 1 тамыз күні елдегі вирус жұқтырғандар саны өте тез өседі, деп хабарлайды Аzattyq-ruhy.kz.

Бұл қалыпты құбылыс екенін ескертсе де, ДДСҰ Еуропалық кеңсесінің төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры доктор Дорит Ницзан "қандай жағдайда да босаңсуға болмайды" дейді.

«Статистика қайта квалификацияланған кезде, COVID-19 жұқтырғандар саны күрт өскендей көрінеді. Әсіресе, бұл процесс бастала қалғанда қатты байқалады. Бірақ бұл коронавирусты енді жұқтырғандар көбейді деген сөз емес. Бұл ескі базаны жаңаша есептеуге көшкенде болатын жағдай», - деді ол.

Бірақ ол статистика қалай өзгерсе де, босаңсуға болмайтынын ескертті.

«Қандай жағдай болмасын, вирус қалады, сондықтан оны тоқтату үшін Мемлекетке барлық деңгейдегі көмек керек. Дәл қазір медицина қызметкерлері, азаматтық қоғам вирусты жеңу үшін бірлесе әрекет етуі керек. ДДСҰ әрқашан Қазақстанды қолдайды және осы елдің, Еуропаның және әлем халқының денсаулығын сақтау үшін қызмет етеді», - деді дәрігер Ницзан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары