$ 494.87  520.65  4.91

«150 000 тг деген қайдан шыққан ставка?»: Шымкент тұрғыны дәрігерлердің үстінен шағымданды

«Ақша талап ету жәйті бойынша науқастың туыстары құзырлы орган өкілдеріне шағымдануға құқылы», - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
фото: 2gis.kz
фото: 2gis.kz

Бүгін журналист Гүлмира Әбіқай facebook парақшасына Шымкент ауруханаларының біріне ауыр науқаспен жеткізілген адамның туыстарынан дәрігерлердің 150 мың теңге талап еткенін жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Шымкент ауруханаларында бардак болып жатыр деп жазыпты Әсел Қ. Жаны қысылған науқасты өзге стационарға ауыстыру 150 000 тг деген қайдан шыққан ставка?» деп айтарын қысқа қайырған әріптесіміз осы жазбасына Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасын тегтеп, өзіне келген хаттың көшірмесін салды.

Оған ізін суытпай жауап берген басқарма парақшасының әкімшісі: «Науқастың денсаулық жағдайына қарай жедел жәрдем қызметі мамандарының көмегімен науқас өзге ауруханаға ауыстырылады. Бұл қызметтер кепілдендірілген тегін медициналық қызмет аясында іске асады. «Асар» шағын ауданындағы ауруханадағы қызметкерлердің науқастан ақша талап ету жағдайы тіркелмеген. Ақша талап ету жәйті бойынша науқастың туыстары құзырлы орган өкілдеріне шағымдануға құқылы», - деді ресми түрде.

Алайда, оған Ақбота Әлдибекова атты желі қолданушы: «Сіздер жоғарыда отырып білмейсіздер ғой, не былық болып жатқанын. Білсеңіздер де көз жұмасыздар», - деп салды.

Сондай-ақ, желі белсендісі Гүлбан Мұқажан: «Ана кезде бір қыз жазып еді ғой, мамасына 300 000 дәрісін, кислородный баллонын апарып берген. Мамасының жағдайы нашарлап кеткенде болу керек, інісі ауруханаға кіреді, палаталарды аралап жүріп, анасына апарған баллонды басқа бір палатадағы адамның дем алып жатқан жерінен табады. Анасы қайтыс болады. Шымкентте» деп жазды.

Ол оқиғаны жазба авторы Гүлмира Әбіқайда растап отыр. Ал мына соңғы жайтқа қатысты келесі оқырман Ерке Жазенқызы: «Сол ақшаны беріп жатқанда фото, видеоға түсіріп алмаған екен. Бірақ, ондайда ойға келмейді ғой. Өлім мен өмір мәселесінде қалай дәті барып ақша сұраған. Надандар», - деп күйініш білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары