$ 494.87  520.65  4.91

«Ресейдің коронавирусқа қарсы вакцинасынан сақ болу керек» - ДДҰ

ДДҰ мәліметінше, Ресейдің коронавирусқа қарсы вакцина деп дайындап жатқан преператтары алғашқы сынақ фазасынан аса алмаған. Екінші немесе үшінші кезең сынақтары әлі жасалған жоқ.
фото: gazeta.ru, rg.ru
фото: gazeta.ru, rg.ru

Премерь-министр Асқар Маминнің ерекше ынтызарары ауып, есі кетіп кетіп жүрген коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қара тізіміне ілініп жатқанға ұқсайды. Ұйым өкілдері Ресейде дайындалып преператтың қауіпті болуы мүмкін екенін айтып, сақтық танытуға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

ДДҰ мәліметінше, Ресейдің коронавирусқа қарсы вакцина деп дайындап жатқан преператтары алғашқы сынақ фазасында ғана қалған. ДДҰ жариялаған құжатта Мәскеудегі Гамалея ғылыми-зерттеу институты ойлап тапқан вакцина басқа перспективалы дәрі-дәрмектерден едәуір артта қалып, бірінші кезең сынақтарында тұрғандығы көрсетілген. 

«Ресей қазан айында жаппай вакцинация жүргізуді жоспарлап отыр. Ресей тесттен өткізіп жатқан COVID-19 вакцинасы әлем бойынш әзірленіп жатқан 140 вакцинаның қатарына жатады. Бірақ осы уақытқа дейін Ресей аумағында екінші немесе үшінші кезең сынақтары тіркелмеген. Сол себепті, бұл вакцинадан абай болу керек», - делінген ДДҰ мәлімдемесінде.

Оқи отырыңыз: «Қазақстан Ресейден коронавирусқа қарсы вакцинаны бірінші болып сатып алады» - Асқар Мамин

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінде осы 140-қа жуық вакцинаның ішінде 7 институт дайындап жатқан препараттың сынаудың соңғы кезеңіне жетіп отырғаны айтылады. Ақпаратқа сәйкес, адамдарға сынаққа әлі жетпеген 139 түрлі вакцина, бірінші кезеңде 25 вакцина, екінші кезеңде 17 вакцина, үшінші кезеңде 7 вакцина сыналып жатыр.

Қамшы порталының жазуынша, соңғы кезеңге жеткен вакциналарды дайындаған бұл елдердің басында Қытай (4 институт), АҚШ (1 институт), Ұлыбритания(1 институт) және Австралия (1 институт) мемлекеттері тұр.

Ресейлік вакцина демекші, ардагер дәрігер әрі қоғам белсендісі Нұрлыбай Қошаманұлы Ресей вакцинасына қатысты өзінің ойын білдіріп, Премьер-министрдің атына үндеу хат жолдаған болатын. Үндеу хатында «мен біріншімін!» деген мақтан мен даңғойлықтың бұл жерде жүрмейтінін әрі адам денсаулығымен ойнауға болмайтынын ескерткен. 

«Қазіргі корановирус індеті әлі толық зерттелмеген, зерделенбеген басы ашық тақырып. Бүгінде екпе (вакцина) өндіретін және оны ұсынушы нарық көп. Бұл тұрғыда біз барлығын сараптамадан өткізуіміз керек. Әрбір екпенің артында адам факторы тұр. Асығыстықта ағаттық көп - адам денсаулығына бұлай жеңіл-желпі қарауға болмайды. Ендеше, алдын ала бас салып, Ресей екпесіне құлай құда түскенше, маман сарапшылармен, осыған жауапты құзырлы органдармен ақылдасқаныңыз дұрыс болар еді», - деп ойын білдірген.

Оқи отырыңыз: Асқар Маминнің арманы орындалатын болды

Сондай-ақ ол Ресей екпесі аталмыш сараптамалардан өтпей қалуы да әбден мүмкін екенін ескерткен. 

«Сондай-ақ әрбір вакцина сапасы елге келмес бұрын ДДҰ сертификатынан өтуі тиіс. Ресей вакцинасы осы ДДҰ тексерісінен өтті ме?», - деген сауал қойған.  

Соған қарағанда ресейлік вакциналар ДДҰ тексерісінен өтпей қалуы мүмкін секілді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары