$ 443.85  474.3  4.8

Коронавирусқа қарсы вакцинаның бір дозасының бағасы қанша?

Әрі қарай бұл анықтамалық елдер үшін индикаторлар пайда болған кезде ғана төмендейді.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Ресей Федералды монополияға қарсы қызметінің басшысы Игорь Артемьев коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның бір дозасының шамамен бағасын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ресейде біз анықтайтын барлық анықтамалық елдің ең төменгі бағасы қолданылады. Егер кімде кім 12 мың доза алғысы келсе, ал ол, шартты түрде айтқанда, Польша немесе Қазақстанда 20 рубльден сатылса, бізде де 20 рубльден сатылады. Ол біз анықтайтын шекті баға болып саналады", - деді ол. 

Артемьев коронавирустық вакцинаның бағасы туралы айта келе, оның бір дозасының құны мың рубльден аспайтынын (шамамен 5500 теңге), ал кейінірек, анықтамалық елдерден алынған бағалар пайда болған кезде, ол төмендеуі мүмкін екенін айтты.

"Мен оның қандай болатынын әзірге басып айта алмаймын, бірақ, әрине, мың рубльден аз, яғни кез келген жағдайда ол қол жетімді болады. Әрі қарай бұл анықтамалық елдер үшін индикаторлар пайда болған кезде ғана төмендейді", - деді Артемьев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары