$ 443.85  474.3  4.8

Пандемия кезінде қандай тағамдарды тұтынбаған жөн?

Маман қантты тұтынуды бақылауға алу керек екенін де атап өтті, өйткені ол тамыр қабырғаларының өткізгіштігіне де, бактериялардың көбеюіне де әсер етеді.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

 Тамақтану ағзаның иммунитетіне әсер ететіні белгілі. Сондықтан коронавирустық пандемия кезінде қандай тағамдарды тұтынатыныңызға ерекше назар аударған жөн. Бұл туралы эпидемиолог Ольга Ненастина айтты, деп хабарлады Хабар 24, РИА Новости дерегіне сілтеме жасап.

«Негізінде консервілерден бас тарту керек, мұндай өнеркәсіптік өңделген өнімдер тағамдық құндылығынан айырылады. Сонымен қатар қуырылған тағамдар мен фастфудты тұтынуды азайту жақсы», - деді. 

Маман қантты тұтынуды бақылауға алу керек екенін де атап өтті, өйткені ол тамыр қабырғаларының өткізгіштігіне де, бактериялардың көбеюіне де әсер етеді. 

Ағзаны жеткілікті мөлшерде дәрумендермен және минералдармен толықтыру маңызды. Оның ең оңай жолы – көкөністер мен салат жапырақтары.

 Сондай-ақ балық, теңіз өнімдері, құс етін радионға үнемі қосып, сұйықтықты көп ішкен жөн.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#пандемия