Елімізде өткен тәулікте 795 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша ауырғандар саны 154 мың 720-ға жетті, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.
Ең көп көрсеткіш Нұр-Сұлтанда тіркелді. Мұнда бір күнде 120 тұрғынның тесті оң нәтиже көрсеткен. Атырау облысында осы шамалас. «Қызыл аймақта» науқастар саны 116-ға артты. Алматыда 87, Павлодар облысында 72 жаңа жағдай тіркелді. Жалпы Қазақстанда мамыр-қыркүйек аралығында коронавирустың 140-тан астам түрі анықталған. Ал әлемде белең алып жатқан жаңа «британиялық штамды» жұқтыру дерегі тіркелмеді, деп хабарлады санитарлық-эпидемилогиялық бақылау комитетінің ресми өкілі.