Денсаулық сақтау министрлігі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 5 қаңтардағы ақпаратты жариялады.
5 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 949 адам короновирус инфекциясынан (10 769 КВИ+ және 12 180 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 328 пациент стационарда, 17 621 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 302 адамның жағдайы ауыр;
- 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.