Express хабарлағандай, ер адамдар бұл азық-түлік түрін тамақ рационынан шығарып тастау арқылы өмірін ұзарта алатын көрінеді.
Сарапшылар орташа жасы 53-ті құрайтын 43272 ер адамның деректерін жіті зерттеді. Тәжірибе басталмас бұрын зерттеуге қатысқандардың жүрек-қантамыр ауруларымен және онкологиялық аурулармен ауырмайтынына көз жеткізілді.
Мамандар олардың тамақтану рационын зерделеп, денсаулығын да бақылап отырды. Нәтижесінде қызыл етті жиі тұтынатын ер адамдарда жүрек-қантамыр ауруларының туындау қаупі жоғары екенін анықтады.
Осыған орай, ғалымдар етті тұтас дәнді дақылды тағамдарға алмастыруға кеңес берді.