Денсаулық сақтау министрлігі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 16 қаңтардағы ақпарат жариялады.
16 қаңтардағы мәлімет бойынша, 24 065 адам короновирус инфекциясынан (12 284 КВИ+ және 11 781 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 145 пациент стационарда, 17 920 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ-ге шалдыққандардың арасында:
290 адамның жағдайы ауыр; 70 пациенттің жағдайы өте ауыр; 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.