04.08.2021, 18:00

«Елордада коронавируспен 3 мәрте ауырғандар бар» - инфекционист

Осы кезеңде стационарға коронавируспен үшінші рет ауырып адамдар жүгінген жағдай болды.

Жоғары санатты инфекционист дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Сәуле Атығаева коронавируспен 3 мәрте ауырған науқастардың бар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әрине қайталап вирус жұқтыру жағдайлары кездесіп жатыр. Қазақстанда коронавирус пайда болғаннан бері, яғни 2020 жылдың наурыз айынан бері 1,5 жыл өтті. Осы кезеңде стационарға коронавируспен үшінші рет ауырып адамдар жүгінген жағдай болды. Әр кезекті сырқат алдыңғысынан әлдеқайда ауыр жүрген», - деген инфекционист қайталап сырқаттанулардың аралығы 3 айдан жиі болмайтынын айтты.

«Вирусты қайтадан жұқтырғандар Нұр-Сұлтан қаласы бойынша кемінде 3-4 айдан кейін ауырып отырған. Егер науқас сырқаттанудың аралығы 1 ай деп көрсетсе, коронавирус созылмалы сипатпен өтуі мүмкін немесе вирус жалғасып, асқынғандықтан екі рет ауырғандай сезілуі мүмкін», - деді Сәуле Атығаева Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде.

 

Тегтер: коронавирус