09.08.2021, 10:20

«144 адам вирус жұқтырған»: Түркістан облысы «сары» аймаққа өтті

Соңғы тәуліктегі аймақтардағы өңірлер анықталды.

2021 жылғы 9 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары. ⠀ "Сары" аймақта: Түркістан облысы.

Айта кетейік, өткен тәулікте Түркістан облысында 144 адам коронавирус жұқтырған. 106 адам айығып шыққан.