$ 443.37  474.49  4.83

Алматының құны қанша?

Журналистер брифинг барысында министрден Алматының қанша тұратынын нақтылады.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Алматының құны қанша екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін үкіметте өткен брифингте Нұрлан Байбазаровтан келешекте жер сілкінісі болған жағдайда Алматыда қираған нысандарды қалпына келтіруге қанша қаражат қарастырылғанын сұрады.

Әрине, Алматыдағы қазіргі жағдайды үкімет бақылауда ұстап отыр. Бүгін бұл мәселені естідіңіздер. Төтенше жағдайлар министрі ағымдағы жағдай туралы баяндады. Әрине, үкіметтің резерві бар. Ол жыл сайын бөлініп отырады. Ол бірінші кезекте техногендік авариялар мен туындауы мүмкін өзге де апаттардың салдарын еңсеруге бағытталатын болады. Алматыда мұндай жағдай болмайды деп үміттенеміз. Әкімдік аудит жүргізіп, онда қаншасы бүлінгенін анықтайды, – деді Нұрлан Байбазаров.

Ұлттық экономика министрі аталған жұмыстардың қорытындысы бойынша егер республикалық бюджетте қаражат жеткіліксіз болса, үкімет резервінен бөлінетінін атап өтті.

Бұдан бөлек, журналистер брифинг барысында министрден Алматының қанша тұратынын нақтылады.

Алматы – еліміздің ең ірі экономикасы. Алматы – республикалық бюджеттің доноры, еліміздің қаржы орталығы. Қазір Алматының қанша тұратынын бағалау қиын. Әрине, Алматы – біздің мемлекетіміздің маңызды активі, – деп жауап берді үкімет басшысының орынбасары Нұрлан Байбазаров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары