Біздің елімізде Қазақ агроөнеркәсіп кешені экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институты 1931 жылы құрылған. Институттың ғылыми қызметінің негізгі бағыты: елдің азық-түліктік тәуелсіздігін қамтамасыз ететін агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен ауыл халқының тұрмыс деңгейін көтерудің экономикалық механизмін құру.
Институт ғалымдары өтпелі кезеңге арналған аграрлық саясаттың біртұтас тұжырымдамасын жасап, оның мынадай басты бағыттарын анықтап берді: елдің азық-түліктік тәуелсіздігін қамтамасыз ету; аграрлық реформаларды тереңдету есебінен ауылда нағыз меншік иесін қалыптастыру; ауыл еңбеккерлерін мемлекеттік қолдаудың тиімді механизмін табу (салықтық жеңілдіктер, несие беру, сақтандыру, күрделі қаржы бөлу); өндірісте, өңдеуде, өткізуде (сатуда) және қызмет көрсету саласында кооперация мен интеграцияны дамыту; ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешу (жұмыспен қамту және тұрмыс деңгейін көтеру, халықтың қалаға көшуін азайту). Аграрлық секторға қолдау көрсету мақсатында институт ғалымдары барлық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін патентті бірыңғай жер салығына ауыстыру, қосылған құн салығының орнына – өнімді сатудан түскен пайда көлемінен салық алуды енгізу, ал өнімді сатудан түскен пайдаға әлеуметтік салық енгізу қажеттілігін негіздей отырып, жаңаша салық салу, несие беру және қаржыландыру модельдерін жасады, т.б.
Қаржы-несие саясатын жетілдіру үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие беру жүйесі құрылды. Институт ғалымдары жер қатынастарын реттеу әдістеріне ғылыми негіздеме беріп, агроөнеркәсіп кешенінің әр түрлі салалары бойынша 30 ұсынысты өндіріске енгізді. Институттың ғылыми қызметінің жетістіктері 69 ұсыныста, 28 кітап пен монографияларда, 3 сөздік пен анықтамалықтарда, 1 талдамалық жинақта, 4 ғылыми баяндамада мазмұндалды. Қазіргі уақытта институтта 107 адам жұмыс істейді, олардың 70-і ғылыми қызметкер, 10-ы ғылыми доктор, 20-сы ғылыми кандидаттары, ғылыми қызметкерлер арасында ҰҒА-ның 1 акад., 1 корр. мүшесі болды. Институт жанындағы аспирантура мен докторантурада экономикалық ғылымдарының 16 докт., 80 канд. даярланған
Ал, шет мемлекеттер атап айтқанда, қаржы ағымдарын оңтайландырып, шығындарды азайту үшін фермерлер кооперативтерге біріккен болатын, ал мемлекет өз кезегінде түрлі қаржылық тетіктер көмегімен ауыл шаруашылығы кооперативтерінің дамуын ынталандырып, қолдау көрсеткен-тін. Бұл саясат фермерлерге ғана емес, мемлекетке де пайдалы болып шықты. Қазіргі заманғы нарықтық тетік ретінде кооперативтер фермерлердің кәсіпкерлік белсенділігі мен қаржылық жауапкершілігін арттырып, экономикалық дамуға дем беруімен ерекшеленеді.
Фермерлік кооперацияның бүгінгі құрылымы өнімді қайта өңдеу және өткізу, өндірістік жабдықтау, техникалық қызмет көрсету, несие беру салаларын қамтиды. Солтүстік Еуропа, Нидерланды, Ирландия, Жапония елдерінде фермерлердің жүз пайызға дерлігі кооперативтерге біріккен. Құрлықтағы Еуропа елдерінің көбісінде кооперативтер барлық шаруа қожалықтарының 80 пайызға жуығының басын қосады. АҚШ-та, Канадада және Австралияда фермерлік қожалықтардың 60-80 пайыздайы кооператив мүшелері болып табылады.
Әлемнің барлық елдерінде аграрлық салада кооперативтік қозғалысты қолдаудың мемлекеттік саясаты жүргізіліп жатқандығын атап өту керек. Бұл саясаттың негізгі бағыттары салық салу жеңілдігі немесе салықтардан толық босату, субсидиялар және жеңілдетілген мемлекеттік несиелер беру болып табылады. Қоймалар салу, сондай-ақ нарықта сұранысқа ие өнімдерді қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындар құрылысын қаржыландыру маңызды саналады. Бұл мақсатқа мемлекет қаржысы ғана емес, сонымен қатар Еуропа қауымдастығының интеграциялық қорларының субсидиялары да жұмсалады. Субсидиялардың барлығы, ауыл шаруашылығы мен ұсақ өндірістерді қолдау қаржысы, аймақтық даму және ұлттық бағдарламалар жобалары ауыл шаруашылығы кооперативтері арқылы жүзеге асырылады.
Осыдан аттай он бес жыл бұрын түтіні түзу ұшқан ұжымдардың жекешелендіріліп, сайда - саны, құмда - ізі жоқ ұсақ қожалықтарға бөлшектенгені, техника мен құрал-сайманнан жұрдай «фермерлердің» ауаны қармап қалғаны есімізде. Бұл кезеңді өшу мен өсу белестері аралығындағы «өліара шақ» деп атауға болатын шығар. Енді міне, әлемдік дағдарыстың дәрістері аграрлық саясатқа ден қоюды талап етіп отыр.
Бүгінгі аграрлық ұстанымның тірегі - кооперация, яғни әлеуметтің күші мен қаржысын бір арнаға бағыттау. Әлемдегі кооператив қызметі ауыл шаруашылығы, тұтыну, банк, несие, сақтандыру, өндіріс, балық аулау, тұрғын үй, медицина, көлік салаларын және басқаларды қамтиды.
Кооперативтер өзара көмек, бірлескен жауапкершілік, теңдік пен әділеттілік, ынтымақтастық сияқты құндылықтарға негізделген, әрі қандай да болмасын шаруашылық қызмет көмегімен өз мүшелерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсартуды мақсат тұтады.
Экономика ғылымының деректері аграрлық саланың дамуы тиімді мемлекеттік саясатқа ғана емес, сондай-ақ тауар өндірушілердің кәсіпкерлік белсенділігіне де тәуелді екендігін көрсетіп отыр. Шет елдердің көбісі ауыл шаруашылығындағы тығырықтан аграрлық кооперацияның арқасында шыға алған еді.
Кооперативтік қозғалысты мемлекеттік қолдаудың маңызды элементі - салық салу жүйесі болып табылады. Мәселен, Германияда экологиялық таза технологияларды және энергияның балама көздерін пайдаланатын кооперативтер бірнеше жылға салық төлеуден босатылады. Сұранысқа ие өнім шығарып, қызметтерді игеретін кооперативтер үшін белгілі бір кезеңге салық мөлшерлемесі төмендетіледі. Инвестиция салушыларды ынталандыру үшін кооперативтерге таза пайданың өзіне тиесілі бөлігінен ғана салық төлеу рұқсат етіледі.
Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және ол экономикалык, дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті дамыту, саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөль атқарады.
Көптеген жылдар бойы өнімді еңбекке ынталандыру тетіктерін жете пайдаланбағандықтан аграрлык, салада терең дағдарыс қалыптасты. Одан шығудың бірден-бір жолы, сөзсіз, осы салада кешенді және жүйелі түрде экономикалық реформа жүргізу еді. Ал оның қалай жүзеге асырылып жатқандығына талдау жасайтын болсақ, ең алдымен нарықтық қатынастарға көіпу тактикасындағы орын алған қателіктерді атап өту керек. Бұл ауыл және барлық халық шаруашылығында реформа жүргізудің стратегиялық бағытын жүзеге асыруда қолдан жасалынған қиыншылықтар тудырды. Әуелі көптеген жылдар бойы орталықтан басқару жағдайында қалыптасқан шаруашылықпен айналысу мен еңбек ету психологиясын жекеменшік өрістеген жағдайға бейімдеу революциялық емес, эволюциялық процесс екені ескерілмеді. Әсіресе мал шаруашылығын дамытуда жергілікті халықтың еңбек ету «философиясы» назарға алынбады. Эволюциялық өзгерістер нарыққа өтуге дайын емес ортаға «секіріспен» ауыстырылды.
Агроөнеркәсіп кёшенінің 1-ші және 3-ші сала кәсіпорындарының монополиялық жағдайында бағаны біржақтылы босату, жекешелендірудегі ұйымдық-экономикалық және хүқықтық ретсіздік, жергілікті жерлердегі өз бетімен кетушілік ұдайы өндіріс процесінің бүзылуына, қоғамдағы дағдарыстық жағдай мен әлеуметтік шиеленісудің күшеюіне алып келді. Мүның өзі аграрлық секторды нарық жағдайына бейімдеу тәжірибесін ескере отырып төмендегідей түжырымдар жасауға мүмкіндік береді:
— аграрлық сектордың өндірістік-әлеуметтік ерекшелігіне
қарай онда нарықтық механизмді ешқандай шектеусіз және
түзету енгізусіз «таза» күйінде пайдалану өндірістік потенциалды
қолдану тиімділігінің төмендеуін және әлеуметтік мәселелердің
шиеленісуін тудырады;
— меншік пен шаруашылық жүргізудің түрлері мен әдістерін өзгерту процесі бәсекелес нарықтық орта қүрудың алғы шарты ретінде мемлекеттің бағыттауы мен қолдауы нәтижесінде біртіндеп дамуы тиіс; сондықтан көпукладтылық, ұсақ тауарлы жеке және ірі өндірістің (ерікті кооперация негізінде) үйлесуі үзақ мерзімге сақталады;
— аграрлық сектор нарықтық өзін-өзі реттеудің «бастапқы
алаңы» ретінде нарықтың дамуы үшін реттеу мен қолдаудың ерекше мемлекеттік саясаты енгізілетін эковомиканың бірінші саласы болуы қажет; оның мәні — әкімшілік емес, экономикалык, құралдарды (баға, салық, несие, т.б.) өзара байланысқан жүйе ретінде пайдалану болып табылады. Ең алдымен экономикалық реттеуде жер реформасы — мемлекет деңгейіндегі үлттық мәселелерді қамтитын аса күрделі процесс. Әлемдік тәжірибеде жерге шексіз жеке меншіктік құқығын бермей, мемлекет және қоғамдык, мүдделердің артықшылығын қамтамассыз ететін әртүрлі шектеулер бар. Мұндай хұқықты беру- мақсат емес, тек жерді пайдалану тиімділігін арттыру үшін пайдаланатын құрал. Ауыл тұрғындарын көбірек толғандыратын мәселе — жерге жеке меншік орнатудан гөрі, одан алынатыны өз еңбегінен тускен нәтижеге иелік ету хұқығы. Атап айтқанда, кеңінен етек алған бұрынғы тәжірибені, яғни алдымен ауылдың бар өнімін, пайдасын алып қойып, соңынан дотация, қарыздарын өтеу түрінде біртіндеп қайтарудан арылу мүмкіндігін беру қажет болды.
Ауыл еңбеккерлері жерді сенімді пайдалану үшін республи-камыздың Ата заңымызға сәйкес жерді үзақ мерзімге жалга, немесе өмірлік мұрагерлікке беру өте тиімді екенін баса айту керек. Сондықтан жер туралы заңда бұл процессті аяғына дейін жеткізу мәселесін қарастыру өте маңызды іс екені белгілі.
Жер қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары: а) ауыл шаруашылығында өндірістің негізгі құралы ретінде жердің бағасын анықтау; ә) жердің сапасына қарай жер салығының мөлшерін белгілеу; б) ауыл шаруашылығына қолайлы жерлерді қорғау мен тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды жузеге асыру, оның ішінде жердің құнарлылығының сақталуы мен жақсаруын бақылау. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерінің айырбасындағы біздер әуел баста жіберіп алған баға қайшылығы қүн заңын сақтамаудың, ал, нақтырақ айтқанда, ерікті баға белгілеудің қағидасын дүрыс пайдаланбаудың салдарынан болғанын өмір көрсетіп отыр. Ауылшаруашылық өнімінің бағасын реттеу жүйесі тұтынушылардың да, өндірушілердің де мүдделерін қорғауы керек, Нарықты тез арада азық-түлікпен толықтыру үшін агроөнеркәсіп кешенінің 2-ші саласында баға қүрылу процесі барынша ерікті болғаны тиімді. Бүл жағдайда аграрлық сектор үпіін өндіріс қүралдарын шығаратын барлық монополист кәсіпорындар үшін (агроөнеркәсіп кешенінің І-ші саласы) келісім бағасының жоғарғы мөлпіерін мемлекет деңгейінде белгілеу керек те, ал 3-ші салада ауылшаруашылық ұйымдық құрылымы баға белгілеумен айналысқаны жөн болар еді.
Ауыл шаруашылығында экономикалық қарым – қатынастарды реттеу үшін залогтық (кепілдікті) сатып алу операциясы бойынша есеп айырысуды енгізу жөніндегі ұсыныстардың едәуір мәні бар. Бүл жағдайда шикізатты өңдеп, дайын өнімді алғаннан соң тауар өндірушілерге шикізат құны мен нақтылы төленген аванс сомасы арасындағы айырмашылықты залогтық баға бойынша төлеу қажет. Кепілдіктік-сатып алу операциясын жүзеге асыру үшін дайындаушы және өңдеуші кәсіпорындарды кепілдікті сатып алу ұйымдары етіп қайта құратын болсақ нарықтық баға құрылымын және ауылшаруашылық тауарын өндірушілердің алатын пайдасын реттеуге жағдай жасалынады. Бүл операциялар, біріншіден, нарықтағы ұсынысты азайтады, екіншіден — фермерлерге несие беруге мумкіндік жасайды. Өйткені оның көлемі кепілдікке өткізілген ауылшаруашылық өнімінің мөлшерімен анықталады. Кепілдікті баға өндіруші қолданып отырған бағаның төменгі мөлшерін білдіреді.Пайда табудың ең төменгі қажетті мөлшерін қолдау үшін жәрдемақы деңгейін анықтау мақсатында мемлекет мақсатты бағаны белгілеуі тиіс. Сонда ол дайындаушы ұйымдар арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілері табысының құралу көздерін де реттейді. Осылайша бағаның құрылу процесін мем-лекеттіқ реттеу механизмі қалыптасар еді.
Аграрлық секторда тауар өндірушілердің тұрақты жұмыс істеуі үшін түрақты қаржы-несие жүйесі әлі құрылмаған. Банк процентінің жоғарғы мөлшері ақша айналымын және өндірісті тұрақтандыруға мүмкіндік бермейді. Негізгі мәселелердің бірі -бүл қаржы қорларының үнемі жетіспеуі және ауылға тиімді несие беру механизмінің жасалынбағандығы.
Республика халқын азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету үшін жыл сайын дайындаушы, өңдеуші, сатуіпы үйымдардың және жеңіл өнеркәсіп орындарының тауар өндірушілерімен форвардты, фьючерстік контрактілер жасап, кепілдікті сатып алу операцияларын жүзеге асыруы қажет. Сонда тауар өндірушілер алдын-ала процентсіз несие алу мүмкіндігіне ие болады. Өйткені, форвардтық операциялар — бұл болашақтағы өнімді қазіргі сату бағасымен контрактілі өткізу де, фьючерстік оперциялар — белгілі бір көлемдегі, саладағы бола-шақтағы өнімнің контрактісін болашақтағы нарықтық баға негізінде сату. Алдағы жылдың өнімін сату — бұл процентсіз несие алумен қатар ауылшаруашылық бағалы қағаздар нарқын құруға, түрақты сұраныс пен өнімді кепілдікті өткізуге, сатып алушылардың қаржы қорларын тиімді жұмсауына және инфляциялық процесстердің төмендеуіне мүмкіндік береді.
Агроөнеркәсіп кешенінің шаруашылык, жүргізуші субъектілеріне мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларда қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыруы үшін 5 жылдық мөлшерге дейін узақ мерзімдік несие беру тиімді болар еді. Ол үшін мемлекеттің қаржы-несие саясатында мынадай талаптарды орындау қажет:
— мемлекеттік деңгейде бекітілген бағдарламаларға сай
қаржы босату;
— республикалық және жергілікті бюджеттердің, меншік
түріне байланыссыз кәсіп орындар қорларының, банктердің, дайындаушы және қызмет көрсетуші ұйымдардың ауылшаруашылығына жұмсалатын қаржыға үлестік қатысуы;
— жеңілдікті салық салу.
Ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қаржы жағдайына сатылған өнімге уақтылы есеп ‘айырысудың сақталмауы қатты әсер етеді. Сондықтан өзара есеп айырысудың бақылау мерзімін бекіту керек.
Мемлекеттік салық саясатында ауыл шаруашылығына қатысты жеңілдікпен салық салу арқылы олардың ынталанды-рухы функциясын күшейту керек, Салық салудың негізгі объектісі ретінде жалпы табысты ғана алу тиімді болар еді.
Жер салығы, оның мөлшерінің экономикалық негізделуі аса төмен болғандықтан, жердің сапасы мен өнім бағасының өзгеруін тұрақты анықтап тұру қажеттігінен негізгі салыққа жанама толықтырушы ретінде қолданылуы мүмкін.
Қазіргі жағдайда тұтастай республика ауылшаруашылық кәсіпорындары бойынша салықтар мен төлемдердің мөлшері жоғары болып отыр.
Әртурлі зерттеулер мен шетел тәжірибелері көрсеткеніндей салықтар мен төлемдер жалпы табыстың 20-25%-тінен аспауы керек. 25-50%-тің салық. мөлшері тек жай ұдайы өндірісті қамтамасыз етеді, ал одан жоғары болса өндірістің қысқаруына әкеліп соғады.Аграрлық салада салық салу жүйесінен жол қорына, т.б. түрлі даму қорларына аудары-латын салықтар мен төлемдерді шығарып тастау жөн болар еді.
Мемлекеттің инвестициялық саясатына келетін болсақ, құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруда шетел инвестицияла-рының маңызы зор. Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық саясат, барлық меншік түріндегідей, кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасының сапалық жақсаруын, өнімді өңдеу, сақтау және өткізу базаларының дамуын қамтамасыз етуі керек болады. Ал, әлеуметтік салада, бюджеттік қорлармен қатар, шетел инвестициялары да келесі бағыттарды қаржыландыру үшін аса қажет:
— мемлекеттік маңызы бар табиғатты қорғау шаралары мен
мелиоративтік жұмыстар;
— жолдардың, электр қуатын беру жүйелерінің, магистральды
газ және су құбырларының, телефон коммуникациясының, ка-
нализация жүйелерінің құрылысы;
— ауылдың денсаулык, сақтау, білім беру, мәдениет, бала-
бақша (және қарттар үйі) объектілерінің құрылысы мен оларды
қамтамасыз ету;
— жоғары білімді мамандар дайындау, күрделі ғылыми зертте-
улер жүргізу және т.б.
Мемлекеттің ауыл шаруашылығына қатысты экспорт – импорт операцияларын реттеуінде негізгі мақсат тұтыну нарығын то-лықтыру және әлеуметтік шиеленісушілікті жою. Бұл бағытта жақын шет елдермен бұрынғы өндірістік және сауда байланы-старын қалпына келтіру тиімді. Сондай-ақ алыс шет елдермен экономикалық байланысты дамытудың да мәні зор. Оның негізін сыртқа шығаратын внімдер құрайды: мал шаруашылығы бойынша – жөн, қай түрілері; егін шаруашылғында — астық, мақта, кейбір көкөніс түрлері.
Ал сырттан алынатындарына, бірінші кезекте, ауылшаруашылық кішігірім техникасы мен технологиялар жата-ды. Мүндай сыртқы экономикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыру-да мемлекеттің белсенді рөлі сөзсіз қажет. Өйткені мемлекеттік реггеусіз еліміздің зор табиғат байлығы пайдасыз болып, талан-таражға түсетіні белгілі. Екіншіден, сырттан әкелінетін өнімдерді қадағаламасақ ішкі тауар өндірушілердің мүддесіне зиян келтіріледі. Бүл жерде жалпы халықтың мүддесін қорғау мақсатында мемлекеттік реттеу шаралары батыл жүргізілуі тиіс.
Аграрлық салада экономикалық реформаны жүзеге асыру, ең алдымен, басқару жүйесін түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Мемлекеттік реттеу шараларын жүзеге асыру ісінде мемлекеттің және шаруа қожаларының функцияларын айқын ажыратудың мәні зор Мемлекеттік басқару органдарының функцияларын төмендегідей етіп қарастыруға болар еді:
— агроөнеркәсіп кешенінің, дамуын бюджеттік қаржыландыру, баға, несие, салық, инвестицидлық және әлеуметтік саясат арқылы реттеу;
— мемлекеттік саясат бағдарламалары мен ауылшаруашылығының өркендеу жоспарларын, нормативтік заң актілерін жасап дайындау;
— мемлекеттік азық-түлік қорын қалыптастыру;
— түбегейлі ғылыми-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру;
— ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу;
— халықаралык, экономикалық байланыстарды» реттеу;
— инсиекциялық бақылау;
— жер қорын, өнімді стандарттау жүйесін басқару;
— ветеринарлық бақылау.
Жалпы аграрлық қатынастарды басқару жуйесіндегі міндет — олардың стихиялы түрде дамуына, тәртіпсіздік жайлаған, басқаруға келмейтін жағдайға жетуіне жол бермеу болып табылады.