Шығыс өңірінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері өкілдерінің қатысуымен «Еуразиялық экономикалық одақтағы монополияға қарсы реттеу» тақырыбында конференция өтті.
Қазақстан, Ресей және Белоруссия елдерінің 180 делегаты қатысқан ауқымды шара барысында мемлекеттік және кәсіпкерлік құрылымдардың жетекшілері кәсіпорындар үшін трансшекаралық тауар нарығында бәсекелестік жағдайының тең болуын қамтамасыз ету, оның ішінде, жосықсыз бәсеке мен бәсекеге қарсы келісімдер, басымдық жағдайды пайдаланудың алдын алу сынды мәселелерді қарады. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің автоөнеркәсіп, байланыс, көлік, энергетика салаларындағы нарығына ерекше назар аударылып, сапаны көтеруді ынталандыру жайы сөз болды. Еуразиялық экономикалық комиссия ұйымдастырған ауқымды кездесудің Шығыс Қазақстан облысында өтуі бекер емес. Өйткені, облыс интеграциялық үдерістердің белсенді қатысушыларының бірі болып саналады. Жиынды жүргізген өңір басшысы Даниал Ахметов Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылғанын, Ресей мен Белоруссия басшылары қызу қолдағанын атап өтті.
– Экономикалық қауымдастық құру туралы алғаш сөз болғанда, аталған ұсынысқа таңырқағандар болды. Дегенмен, уақыт бұл қадамның дұрыс болғанын дәлелдеді. Елбасы сол кезде ХХІ ғасырға жоғары бәсекелестік тән екенін, одан ірі өңірлік құрылым құрып, бірлескен бағдарламалар қабылдау, бірыңғай сауда алаңын құру арқылы шығуға болатынын жеткізген-ді. Бұл одақ 175 млн. адамды, 20 млн. шаршы шақырымды және әлем шикізатының 15 пайызын біріктіреді. Бүгінде ЕАЭО елдері дағдарысқа қарсы бірлескен шараларды сәтімен жүзеге асыруда. Еуразиялық даму банкі, Дағдарысқа қарсы қор, Жоғары технологиялар орталығы жұмыс істеуде. 40-тан астам мемлекет Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі әріптестікке қызығушылық танытып отыр, – деді Даниал Ахметов.
Облыс әкімі сондай-ақ, Қазақстан Президентінің ядролық қарусыздану, ұлтаралық келісімге негізделген қуатты мемлекет құру жобаларының сәтімен жүргізілгенін айта келіп, қазір бес институттық реформаны іске асыру басталғанын жеткізді.
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша алқа мүшесі (министр) Нұрлан Алдабергенов өз баяндамасында 20 миллионға жуық адамның Қазақстан мен Ресейдің шекаралас өңірлерінде тұратынын, олардың қымбатшылықпен жиі бетпе-бет келетінін жеткізді. Мұны қарапайым ұялы байланыс төлемдерінен аңғаруға болатынын жеткізген Н.Алдабергеновтің айтуынша, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Одақ туралы шарт шеңберінде құрылған Еуразиялық экономикалық комиссия жосықсыз бәсекелестікке ерекше назар аударады. Яғни трансшекаралық нарықтағы бәсекелестіктің жалпы ережелерін сақтауды қадағалау өкілеттігіне ие. Аталған комиссия бәсекелестер тарапынан болуы ықтимал тауарды жөн-жосықсыз салыстыру, өндірушілер мен олардың тауарлық белгілерін араластыру, жергілікті тауар мен өнімнің шыққан жеріне қатысты тұтынушыларды шатастыру сынды әрекеттерді назарға алып, монополияға қарсы реттеу шараларын қабылдайды. Ал Минскіде ЕАЭО соты өз жұмысын бастады. Оның құзырына Одақ келісімдері мен шешімдерін жүзеге асыруда туындаған мәселелерді қарау кіреді. Н.Алдабергенов роумингтер бағамын реттеу бойынша Еуроодақ тәжірибесін қолданып, оны халықаралық қоңырау шалу бағамымен теңестірген жөн екенін айтты. Бұл орайда үш мемлекет 5,5 млрд. теңгеге дейін, ал қазақстандықтар 2,2 млрд. теңгеге дейін үнемдей алады. Дәл осындай мәселелер әуе тасымалына да қатысты. Одаққа мүше мемлекеттердің қалалары арасындағы әуе тасымалына қарағанда еуропалық елдерге ұшатын бағыттар әлдеқайда арзан. Сондай-ақ, тұтынушыларды алдау әрекетінің алдын алған ләзім. Мәселен, Белоруссияда «Атамекен», «Қазақстан» атауымен сүт өнімдері өндіріле бастаған. Конференция барысында Парламент депутаты Талғатбек Абайділдин, Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Сергей Кузин мен бірқатар кәсіпкерлер сөз алды.
– Біз бес саусақтай бірге болғанда, кез келген мәселені жұдырықтай жұмылып бірге шешкенде ғана қуатты боламыз, – деді С.Кузин.
Басқосудың соңында ЕАЭО бәсекелестік саясаты мен монополияға қарсы реттеу тапсырмалары мен міндеттері, бәсекелестік ережелері мен оны бұзу салдары туралы келісім талаптары, Қазақстан бизнесі мен бәсекелестікті дамыту және монополияға қарсы реттеу бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның өзара іс-қимылы жөніндегі түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу қажеттілігі айтылды.
Еуразия экономикалық одағы турасындағы талқылаудан қазақтілді және орыстілді орта да қалыс қалып жатқан жоқ. Қазақтілді тараптың, оның ішінде елге белгілі саясаттанушылар мен ұлт жанашырларының, аталған одақ турасындағы ой-пікірі айтылып та, жазылып та жатыр. Бұл ретте осынау одақ турасындағы орыстілді ортаның көзқарасын білмек мақсатпен «Еуразия әлемі» пікірсайыс клубында Еуразия экономикалық одағының экономикалық әрі саяси сипаты әңгіме болған отырысына қатысып қайттық.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойғаннан кейін Белоруссия, Қазақстан мен Ресейдің бірыңғай нарығын құру үдерісі мәреге жетті. Алайда бұл интеграцияның біздің республика үшін плюстері мен минустері туралы пікір-талас әлі жалғасуда.
Кейбір сарапшылар оның пайдасы көп деп санайды. Ал басқалары керісінше оның кері ықпалдарына назар аудартуда. Қысқасы, бұл тақырып әлі алда талай талқыланатын сияқты. Бұл көзқараста ЕЭО құрудың Қазақстан үшін негізгі пайдасы мен қауіптерін қарастырамыз.
Қазақстандық басшылықтың еуразиялық интеграцияның экономикалық сипатын үнемі айтып келе жатқанына қарамастан, ол шаруашылық қауіп төндіріп қана қоймай, қолайлы жағдай да туғызады, және оның әлеуметтік, саяси салдары да болмақ. Алайда бұл басқа мақаланың тақырыбы. Сондықтан бұл жолы ЕЭО-ның жағымды және жағымсыз экономикалық аспектілеріне баға берумен шектелейік.
Алдымен еуразиялық интеграция сәулетшілері басты назар аударып отырған плюстеріне тоқтала кетейік. Олардың біріншісі - ойынның бірыңғай ережелері бойынша сыйымды ортақ нарық қалыптастыру (170 млн адам). Теориялық тұрғыдан бұл Қазақстан үшін өңдеуші өнеркәсіптің экспорттық салаларының өсуіне серпін болу керек. Бұл ретте әлбетте Ресей шекарасына жақын орналасқан қазақстандық облыстардың бизнесіне жақсы болашақ ашылады.
Ел басшысының бағалауынша жаңа экономикалық одақтың тағы бір плюсі, қазақстандық экономикаға шетелдік инвестицияның қосымша ағыны және біріккен кәсіпорындар құру болмақ, себебі Қазақстандағы қолданыстағы заңнама бойынша салық деңгейі Белоруссия мен Ресейге қарағанда аз. Осылайша биліктегілер біздің ел ЕЭО бірыңғай нарығына шетелдік бизнес шығатын терезе болады деп үміттенеді
Осы мақсатқа жету үшін де «Инвестициялық климатты жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жедел түрде әзірленіп, қабылданғаны белгілі. Оған Нұрсұлтан Назарбаев 12 маусымда Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27 отырысында қол қойған болатын.
Еске салсақ, құжатта 10 жылға корпоративтік табыс және жер салығынан босату, 8 жылға Қазақстандағы экономиканың әлеуетті секторы үшін қаржы салуға дайын инвесторларды мүлік салығынан босату қарастырылған. Бұл ретте нысандарды пайдалануға бергеннен кейін мемлекет капиталдық шығындардың 30%-ын өтейді және инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында және оны іске қосқаннан кейінгі бір жыл ішінде ешқандай шектеусіз шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат етеді.
Оған қоса, инвесторларға салық режимінің тұрақтылығына кепілдік беріледі. Тек қосымша құн салығы мен акциздік алымға ол қатысты емес.
ЕЭО құрғанның тағы да бір жағымды факторы бірыңғай нарық аясында жұмыс күші жеделдігінің өсімі. Және, ЕЭО Қазақстан үшін ең бастысы, биліктегілердің айтуынша, Белоруссия және Ресей республикасымен сыртқы сауда көлемінің артуы. Теориялық жағынан бұл сондай-ақ, ІЖӨ өсу қарқынын, бәсекелестік пен өнім сапасының артуын, жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен әлеуметтік тұрақтылық өсімін арттыруы тиіс.
Айтпақшы, Қазақстанның Белоруссия және Ресеймен сыртқы сауда айналымындағы алғашқы оң нәтижелеріне қазірдің өзінде қол жеткізілді. Республиканың Кеден одағы құрылғаннан бергі сыртқы сауда көлемі ол құрылғанға дейінгі көлемнен барынша артқан. Бірінші кезекте ол біздің солтүстік көршілермен сауда көрсеткіштерінен жақсы көрінеді.
ҚР статистика агенттігінің ақпарынша, егер дағдарысты 2008 бен 2009 жылдарда Қазақстанның Ресеймен сыртқы сауда көлемі сәйкесінше, $20 және $12,4 млрд болса, онда 2010 жылы ол $17,4 млрд-ға дейін жеткен, ал бір жылдан кейін - $22,3 млрд. болған. Бұл ретте 2012 және 2013 жылдары жақсы көрсеткіш сақталып қалған. Бұл жылдары Қазақстанның РФ-мен сыртқы сауда айналымы, сәйкесінше $23,1 және $23,5 млрд. болған. Сондықтан ЕЭО құрылғаннан кейін бұл көрсеткіш тек арта береді деуге барлық негіз бар, әлбетте, егер бұған жаһандық экономикадағы жаңа толқулар мен дүниежүзілік саясаттағы жағдайлар әсер етпесе. Атап айтсақ, Ресейге қарсы Батыстың санкциясы.
Алайда еуразиялық интеграцияның медалдың екі жағы секілді, кері салдары да бар. КО елдерімен сыртқы сауда өсімі, әлбетте, жақсы фактор, дегенмен бір «бірағы да» бар. Қазақстанның Кеден одағы елдері бойынша әріптестерімен сыртқы сауда айналымының артуы импорттың экспорттан артуына әкеліп соқтырады. Алайда оған кінәлі тек КО емес, ресейлік экономика ауқымы мен отандық кәсіпорындардың төмен бәсекелестігі.
Мәселен, статагенттіктің ақпарынша, егер былтырғы жылы Қазақстанның КО елдері-әріптестерімен саудасы 2012 жылы 1,4%-ға артып $24,2 млрд-ға жетсе, бұл ретте экспорт 5,9%-ға төмендеп, $5,9 млрд құраған, ал импорт 4%-ға артып, $18,3 млрд. құраған. Былтырғы жылы Қазақстанның Белоруссия және Ресеймен саудадағы кері сальдосы $12,4 млрд-ға жеткенін есептеу қиын емес.
Ресейдің Қазақстанмен тауар айналымында бірінші орында тұрғаны құпия емес. Алайда Кремльдің интеграциялық жігері фонында Қазақстанның сыртқы саудадағы РФ үлесі соңғы бірнеше жылда барынша төмендеп отыр. 2010 жылы 19,2%-ға жетсе, 2011 жылы 18,9%-ға қысқарған, бір жылдан кейні - 17,4%-ға қысқарған, 2013 жылдың қорытындысы бойынша 17,9%-ға аздап көтерілген. Тек былтырғы жылы ресейлік импорт 2012 жылмен салыстырғанда 4,3%-ға өсіп, $17,7 млрд құраған, бұл ретте РФ-ге қазақстандық экспорт 5,4%-ға түсіп $5,8 млрд. құраған. Осылайша Қазақстан мен Ресей саудасындағы кері сальдо $11,9 млрд. болған.
2012 жылы да Ресейге кеткен қазақстандық экспорттың 12,3%-ға төмендегіні байқалған, ал ол елден келген импорт 10,6%-ға артқан. Бұл ретте Қазақстан Ресейге негізінен «минералды өнімдерді» (41,1%), «металдар мен олардан жасалған бұйымдарды» (24,2%), «химия өнеркәсібінің өнімдері, каучук» (14,1%), «машина, құралдар мен транспорттық құралдарды» (10,3%) экспорттайды.
Бұл ретте Ресейден келетін қазақстандық импорттағы «минералды өнімдер» үлесі төмендеу 29% -ды құрайды, есесіне «машина, құралдар мен транспорттық құралдар» үлесі 23,7%-ға жетеді. РФ-дан келетін импорттың тағы 15,6%-ын «металдар мен одан жасалатын бұйымдар» құрайды және 11,2%-ын «химия өнеркәсібінің өнімі, каучук» құрайды.
Қазақстанның КО серіктестермен сыртқы сауда бойынша статистикалық мәліметтерден қандай қорытынды жасауға болады?
Біріншіден, статагенттік мәліметтері көрсетіп отырғандай, қазақстандық бизнес біртұтас нарықта беларусьтармен, бірінші кезекте ресейліктермен бәсекеге дайын болмай шықты. Қазақстан жыл өткен сайын оларға өз позицияларын беріп отыр.
Сондықтан Қазақстан Кедендік одаққа кіру мерзімін дұрыс есептемеді деп айтуға негіз бар. Алда әлі Дүнижүзілік сауда ұйымына кіру де бар.
Екіншіден, КО және басқа да елдерге бағытталған қазақстандық экспорттың түрі шикізаттық сипатта. Ал Қазақстанға импортталатын тауарлар - тұтыну тауарлары. Басқаша айтқанда, қазақстандық экономика, әртараптандыру туралы қанша айтқанымен, әлі күнге шикізаттық сипатта болып қалып отыр.
Және де Қазақстан шикізаттық сипаттан жақын аралықта құтыла аларлықтай мүмкіндік жоқ. Керісінше, Қашағандағы проблеманы жойып, басқа да кеніштерде мұнай өндірісі басталысымен Қазақстан экономикасындағы өндіруші сала рөлі арта түсіп, ал өңдеу саласы - төмендей түседі, тіпті ҮИИДБ табысты іске асырған күннің өзінде.
Үшіншіден, Қазақстанның КО елдермен саудадағы импорт пайдасындағы дисбаланс ұлттық валютаны одан ары құнсыздандыра береді. Және де Ресеймен саудада теріс көрсеткіштер теңгені қайтадан 2009 жылғыдай девальвация жасауға итермелеген фактор да болуы әбден мүмкін.
Сондықтан интеграциялық үдерістер қарқын алуымен ұлттық валютаның күрт құнсыздану қаупі сақтала береді және тек өсе беруі мүмкін. Әрине, оған алғышарттар болып, әсіресе, біздің солтүстік көршіміз рубль бағамының еркін айналымына өтетін болса.
Бірақ, Қазақстан үшін экономика саласына еуразиялық интеграциядан келетін ең басты қауіп - ол Дүниежүзілік сауда ұйымының және жартылай Еуразиялық одақ қағидаларының орын алып отыруында. Мәселе, ДСҰ ережесі фритредерлік тұжырымдамасы негізінде жасалған. Ол сауда еркіндігі мен мемлекеттің экономикадағы жекеменшік секторға араласпауын қатаң сақтайды. Іс жүзінде ол өзара саудада, инвестицияларда кедергілер жоқ дегенді аңғартады. Ол кедергілер жоғарғы иморттық және экспорттық баж салықтарымен, белгілі тауарларға квоталармен, капитал қозғалысына шектеу орнатумен білінеді
Осының барлығы сыртқы саудаға қатысты, фритредерлік идеология бойынша, біріншіден, экономикалық өсуге, сол арқылы еркін сауда жасап отырған мемлекеттің көркеюіне, екіншіден, өнім мен қызмет сапасының артуына, үшіншіден, тұтынуды мейлінше қанағаттандыруға септігін тигізуі тиіс.
Бір ескерерлігі, «ең төменгі шектеу» қағидасын жариялай отырып, фритредерлікті қолдаушылар жергілікті өндірісті субсидиялауды толығымен не жартылай тоқтатуды қолдайды, яғни, сол арқылы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қатысты маңызды шешім қабылдауда билік еркіндігін шектейді.
Дегенмен, дамыған мемлекеттердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, сауда еркіндігі олардың дамуына шынымен де айтарлықтай ықпал етті және экономикалық өсуіне қуатты серпін берді. Бірақ осы тұжырымдама қағидаларын ЕЭО аясында іске асыру, келешекте ДСҰ-ға кіру тұрғанда түзетілмес қателік болуы әбден мүмкін деген даулы тезис айта аламын.
Басқаша айтқанда, еуразиялық интеграцияның идеялық негізі іс жүзінде экономикалық апат болмаса да Қазақстан мен Ресей экономикасы үшін теріс әсермен аяқталуы әбден мүмкін. Әрине, бұл жерде әңгіме өндіруші сектор туралы болып отырған жоқ. Оның тағдыры сыртқы экономикалық коньюктураның қолында.
Әңгіме өңдеу индустриясы туралы болып отыр. Мәселе Қазақстан экономикасының шикізаттық салаға толығымен тәуелділігінде емес, бірінші кезекте елдің экономикалық дамуының базалық шарттары отандық кәсіпорын тауарларының әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілетсіз етеді. Себебі Қазақстан мен Ресейдің географиялық және климаттық жағдайында энергия шығыны ДСҰ бәсекелес елдердегіге қарағанда тым жоғары. Яғни табиғи себептермен Қазақстан ел ішінде әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өңдеу индустриясының өнімін шығара алмайды.
Осындай жағдайда Қазақстанның ДСҰ-ға енуі шын мәнісінде көп нәрсеге, атап айтқанда, АӨК пен өңдеу секторындағы энергияны көп жейтін өндірістерге «крест» қояды, себебі ЕЭО және оның үстіне Дүниежүзілік сауда ұйымының ережесі экономикаға субсидия мен салықтық жеңілдік түріндегі мемлекеттік көмек мүмкіндігін шектейді. Бір қызығы, ҮИИДБ жасаушылар осыны ескерді ма екен?
Мемлекеттің инвестициялық климатты жақсартуға деген ұмтылысын негізгі қорлардың тозығы жеткендігі, инфрақұрылымдық проблемалар, жемқорлық деңгейінің тым жоғарылығы, тәуелсіз соттардың жоқтығы, мемлекеттік реттеу деңгейінің төмендігі, экономика мен саясаттағы монопольдық үрдістер жоққа шығарады.
Нәтижесінде бізде не бар? Тек өндіруші сектор ғана. Оның тиімділігі мен әлеуметтік тұрақтылығы толығымен жаһандық экономикаға тәуелді. Сондықтан ЕЭО құрылуы Қазақстанның ДСҰ-ға кірмек жоспарын ескергенде, бірінші кезекте өндіруші секторға оң әсерін тигізіп, Қазақстанның жаһандық нарыққа шикізат шығарушы позициясын нықтай түседі. Ал, өзіміздің өңдеу өндірісімізді дамыту мен құру айтарлықтай энергетикалық шығынды қажет етіп отырғанда ол бізге және келешек ұрпаққа керек пе?
Сондай-ақ, еліміздің ірі бизнес қоғамдастығы - Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшартқа қол қойылуына қолдау білдіреді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының мүшесі Талғат Доскенов айтты.
«Біріншіден, біз қазақстандықтар кәсіпкерлер ортақ еуразиялық нарықтың басымдығын сезініп отырғандығын мәлімдейміз. Екіншіден, ЕЭО құру туралы келісімшартқа қол қойылуына толығымен қолдау білдіреміз. Үшіншіден, біз экономикалық прагматизм ұстанымдары басшылыққа алынуы керектігіне сенімдіміз. Егер Қазақстан үшін қандай да бір базалық келісім ескірсе, онда оларды ауыстыру қажет», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, палата ЕЭО құру туралы келісімшарт жобасының ең соңғы редакциясымен жете таныс әрі оның өкілдері сарапшылар тобының отырысына да қатысты.
«Бүгінде біз зор сеніммен интеграцияның біздің бизнес үшін пайдалы екендігін айта аламыз. 2013 жылы Қазақстан Кеден одағы елдеріне шығарған экспортының нақты көлемі электр трансформаторлары бойынша 7,4, тракторларда - 5,7, металл прокаттау станоктарында - 5,5, мұздатқыштарда - 4,5, жүк көліктерінде- 3,7 есе өсті», - деді ол.
Т.Доскеновтың сөзіне қарағанда, еуразиялық нарыққа шығу келешегі шетелдік ірі инвесторлардың да назарын аударып отыр. Мәселен, өткен жылы әлемдік ірі автоконцерндер «Тойота» мен «Пежо» Қазақстан нарығына келді.
Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшартқа Қазақстан, Ресей және Беларусь Президенттерінің ағымдағы жылдың 29 мамырында елордада қол қоюы күтілуде.
Еуразиялық экономикалық одақ саяси одақ еместігі туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Премьер-Министрдiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлiм еттi.
Соңғы кездерi БАҚ-та, соның iшiнде электронды құралдарда көптеген талқылау жүрiп жатыр. Оған қолдау жасап отырғандар да, қарсылық бiлдiрiп жатқан азаматтар да бар.“Ол мүмкiн ЕЭО туралы шарттың айналасындағы түсiнiспеушiлiк ақпараттың тапшылығы болса керек. Көңiлдегi күдiкке байланысты айтарым, Еуразиялық экономикалық одақ – тек қана экономикалық бiрлестiк. Ең бастысы – ЕЭО саяси ұйым емес. Мұнда тек экономикалық әрiптестiк жасау көзделген”, – деп атап өттi вице-премьер.
Оның айтуынша, келiссөздер барысында қазақстандық команда одақтың саясилануына, ұлттық компетенцияға және ұлттық тәуелсiздiк мәселелерiне тиесiлi тақырыптардың талқылануына жол бермеу жөнiнде нақты ұстанымдарын белгiлеп алды. Жалпы экономикалық емес тақырыптарға шектеу қойылды.
“Сондықтан Қазақстан азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты қобалжымауларына болады. ЕЭО Қазақстан тәуелсiздiгiне қауiп төндiрмейдi. Керiсiнше, елiмiздiң экономикасына үлкен экономикалық мүмкiндiктер туғызады”, – дедi ол.
Айта кетейiк, биыл мамыр айында Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерiнiң басшылары ЕЭО құру туралы шартқа қол қояды деп жоспарлануда.
Астанада Қазақстан, Ресей және Белорусь мемлекеттерінің темір жол әкімшіліктері өкілдерінің XIV бірлескен жұмыс тобының отырысы өткізілді, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Отырыс барысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Белоруссия темір жолы» ММ, «Ресей темір жолы» ААҚ Еуразиялық экономикалық одақ аясында жетілдірілген кедендік келісім құқықтық базасын жасап, ұсыныс енгізді. Оның ішінде Кеден одағы аясында ЕЭО жобасы ережесінің кейбір бөлімдерін қамтыды. Мәселен, болашақ міндеттеменің бірі ретінде тасымалдаушыға тауары жөніндегі ақпараттарды ЕЭО аумағындағы кедендік орындардан жедел өтуі үшін мүдделі тараптарға алдын ала беру жайы келісілді. Оған қоса теміржолмен тасымалдаушының алдын -ала жаңсақ ақпараттарды кеден орындарына беру кезіндегі жауапкершілігін құжаттан алып тастау ұсынылды. Сонымен қатар ЕЭО мүше мемлекеттердің темір жол тасымалдаушыларының тауарды жоғалтуына жауапкершілігі, тауарларды тасымалдаудың бірыңғайландырылған идентификациялық құралдарын жоғалтып алғандығы үшін ЕЭО мүше емес елдердің жауапкершілігін алып тастау ұсынылды.Отырысқа қатысушылар кедендік бақылау орнатуға тиесілі тауарларды жеткізу уақытын ұзарту тәртібі, теміржол өткізу бекеттерін көкжелектендірудің ұлттық заңдылықтарының талаптары, басқа да Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы мемлекеттердің мемлекеттік органдарының шешімдері туралы өзекті жайлары талқыланды. Отырыс барысында Бірлескен жұмыс тобы құрамына Армения мен Қырғызстан темір жол әкімшіліктерінің өкілдерін тарту көзделді. Жұмыс тобының ұсыныстары мемлекеттік құзырлы органдар мен қоғамдық орындарға, ықпалдасқан бизнес қауымдастықтарға жолданды.
Олар жұмыс тобының кезекті XV отырысын 2015 жылдың төртінші тоқсанында Белорусь республикасында өткізуге уағдаласты.
Еуразия экономикалық комиссияның ЕЭК экономика және қаржы саясатының Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов төрағалығында зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықты жою қағидатын кейінірек, қолдану қатынасында ұсыныстарды бекітетін Жұмыс тобының отырысында Одақ мемлекеттер-қатысушылар аумағында жеке тауарлар санатындағы әрекет ететін аймақтық құқықты жою қағидатын ықтимал жою қатынасында мемлекеттік органдар және Еуразия экономикалық одағының (ЕЭО) бизнес-қоғамдастықтарының жайғасымы талқыланды.
Мәжілісте ЕЭК, салалық, ұлттық министрліктер, монополияға қарсы органдар, ЕЭО мемлекеттерінің бизнес-қоғамдастықтар өкілдері қатысты.
Мәжілісте ашар алдында, ЕЭК экономика және қаржы саясатының Министрі Тимур Сүлейменов қазіргі таңда Одақ мемлекеттерінде жеке санаттағы тауарлар қатынасында «параллель» импортты ықтимал енгізу туралы сұрақ белсенді талқыланып отырғандығын сөз көтерді. Мәселе мынада, бәрінен бұрын, автокөлік жиынтықтарының және фармацевтикалық препараттар туралы сөз қозғалып отыр.
Мәжіліс қатысушылары бұл сұраққа тиісті жайғасымдарды ұсынды. Беларусь, Қазақстан және Ресей ЕЭК ұсынысын қолдады – ЕЭО туралы Келісім-Шартты тауарлық таңбаға құқықты жою негізгі, аймақтық қағидат ретінде сақтауды, алайда, шектеулі санаттағы тауарларды – шектеулерді орнату мүмкіндігімен жүзеге асады. Өз кезегінде, Армения құқықты жою халықаралық қағидатын біртіндеп енгізуді күшіне кіруді ұсынады.
Тимур Сүлейменов айтқандай, ЕЭК және Тараптардың бұл ұсыныстары Еуразия экономикалық комиссия Кеңесін ЕЭО бойынша барлық мемлекеттер-серіктестер үшін өзара тиімді шешімді табуға құлақтандырады.
Еске салсақ, кейбір тауарлар санатының қатынасында шектеуді енгізу Одақтың жеке мемлекетімен шешіле алмайды, өйткені, ол ұлттық құзырет төңірегінен шығады және ЕЭО Келісім-Шарты туралы Жағдайлармен реттеледі. ЕЭК Министрінің пікірінше, қазіргі таңда құқықты жою бойынша халықаралық қағидатты енгізу үшін салмақты себептер орын алмайтындығын атады. Сонымен қоса, ЕЭК шектеуге түскен тауарлар санаттарын таңдау туралы шешімді қабылдауға тиісті белгілі осындай тауарлар санаттарындағы қағидаттар және реті қарастырылған ЕЭО деңгейінде белгілі бір әдіснаманы енгізуді жүзеге асыратындығын жоспарлайды.
Сонымен қоса, ЕЭК жоспарында – тауарлар нарығында бәсекелестік жағдайды зерттеу, әлеуметтік маңыздылығын және тауарлар жетіспеушілігін анықтау болып табылады. ЕЭК экономика және қаржы саясаты бойынша Министрінің айтуынша, шектеу қағидаты өндіріс орналасу деңгейіне байланысты болуы мүмкін емес. Сонымен бірге, Тимур Сүлейменов жеке тауарлар санаты қатынасында аймақтық құқықты жою қағидатын ықтимал жою барлық мемлекеттер мәртебесін ұйғара отырып қабылданады.
«Егер біз ЕЭК Кеңесінен мамыр жұлдызында тапсырма алатын болсақ, онда ағымдағы жылдың қыркүйек жұлдызында шектеулерге тиісті толық құжатты енгізуге қол жеткіземіз», - ЕЭК өкілі атады.
Тауарлық таңбаға айрықша құқықты жоюдың аймақтық қағидаты ЕЭО Келісім-Шартымен анықталған және Одақ аумағына «бренді бар» тауарларды кіргізуге импортшыдан құқықты иелену келісімін алу қажеттігін және кейінірек, ЕЭО жаппай кеңістігінде бұл тауарлардың еркін айналымын қарастыратыруды қажет етеді.
Тауарлық таңбаға айрықша құқықты жою қағидаты ЕЭО Келісім-Шартының 2014 жылдың 29 мамырынан бастап, қазіргі таңда оның негізінде әрекет етеді және 2010 жылғы 9 желтоқсанынан бастап зияткерлік меншікті қорғау және сақтау саласында бірыңғай реттеу қағидаттары туралы Келісім негізінде әрекет еткен
Зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықты жою қағидатын кейінірек, қолдану қатынасында ұсыныстарды бекітетін Жұмыс тобы 2014 жылғы 23 маусымынан бастап Еуразия экономикалық комиссияКеңесінің № 45 Шешімімен құрылды. Жұмыс тобының Төрағасы ЕЭК экономика және қаржы саясаты бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов болып табылады. Оның құрамына Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының. Ресей Федерациясының уәкілетті органдардың білікті мамандары, бизнестің маңызды ұлттық бағыттарын ұсынатын сарапшылары, сонымен қоса,Комиссияның сан алуан бағыттарындағы кең ауқымды мамандары кірді. ЕЭК Алқа 2015 жылғы 24 ақпанынан бастап № 12 Өкіміне тиісті Жұмыс тобының құрамына, сонымен бірге, Одақтың тең құқылы қатысушы болып табылатын Армения Республикасының және Еуразия экономикалық одағы туралы Келісім-Шартқа сәйкес Қырғыз Республикасының қіруімен қоса, Келісім-Шартты жасасу есебімен, Қырғыз Республикасының өкілдері кірді.
Жұмыс тобын құру мақсаты – мәселенінің ең тиімді шешімін табу, Одақтың мемлекеттер-мүшелеріне едәуір зор әлеуметтік және экономикалық тиімділікті ұту арқылы тауарлық таңбаға айрықша құқықты жоюға тиісті ымыралы нұсқасын енгізу жатады.
Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мемлекеттер басшылары деңгейіндегі отырысы өтті. Отырыс Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың қатысуымен шағын құрамдағы кездесуден басталды. Мемлекет басшылары Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікті дамытудың негізгі бағыттарын, сондай-ақ, еуразиялық интеграциялық үдерістерді кеңейту мәселелерін талқылады.
Кеңес отырысына төрағалық еткен әрі шаңырақ иесі ретінде алғашқы болып сөз алған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі кездесудің Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттерінің болашағы үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті. Біз Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартты әзірлеу жөніндегі орасан зор жұмыстарды аяқтадық, деді Елбасы. Шартқа қол қою арқылы еуразиялық кеңістіктегі ықпалдастықтың жаңа сапалы кезеңі басталады. Бұл құжатта барлық мемлекеттердің мүдделері ескерілген.
Сауатты және салиқалы дайындалған. Бірқатар келіспеушіліктерге қатысты қол жеткізілген консенсус барлық тарапты қанағаттандырды. Қазақстан Президенті Шартта арқаулық аспектілердің барлығы көрініс тапқанына тоқталды. Құжатта халықаралық ұйымдарға тән барлық арқаулық аспектілер көрініс тауып отыр, деді Нұрсұлтан Назарбаев осы жөнінде. Мемлекеттердің егеменді теңдігі, аумақтық тұтастығы, сондай-ақ, Одаққа мүше мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін құрметтеу қағидаттары бекітілген. Ұйымның барлық деңгейіндегі шешімдер қабылдауда консенсус қағидатының болуы ерекше маңызды. Осы орайда, әрбір қатысушы тараптың дауысының шешуші мәні бар. Елбасы өз сөзінде Одаққа мүше мемлекеттердің тіл мәселесін де атап өтті.
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі барлық халықаралық келісімдер, Комиссияның міндетті сипаттағы күші бар шешімдердің барлығы орыс тілінде қабылданады, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Біз осылай келістік. Дегенмен, сондай құжаттар бірден тараптардың әрқайсысының мемлекеттік тілдеріне де аударылатын болады. Сондықтан тілдік қағидаттар жөнінде ешқандай кемсітушіліктер орын алмайды. Қазақстан басшысы, сондай-ақ, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының күн тәртібіне қойылған мәселелермен де таныстырды. Елбасының атап өткеніндей, Кеңес отырысының күн тәртібіне жеті мәселе шығарылып отыр. Бұл мәселелердің барлығы вице-премьерлер мен сарапшылардың жан-жақты талқылауынан өткен, қол қоюға дайын тұр.
Оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қою рәсімі де бар. Қазақстан Президенті бұл шарт үш мемлекеттің азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталғанына назар аударды. Еуразиялық экономикалық одақты құру біздің экономикамызды жан-жақты жаңғыртуды жалғастыру, елдерімізді әлемдегі жетекші орындарға шығару үшін қуатты серпін беретініне сенімдімін, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Құрылып жатқан Одаққа Арменияның қосылуы туралы тармақ бар. Өз кезегінде Қырғызстан Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі мақұлдаған Кеден одағына қосылу жөніндегі жобаны қолдады.
Мемлекет басшысы, сонымен қатар, Одақтың органдарындағы кадр саясаты тараптардың тең қамтылуы қағидатын ескере отырып және осы маңызды жұмысқа білікті мамандар тарту конкурстық негізде жүргізілетінін атап өтті. Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко өз сөзін елдерімізге экономикалық интеграция жолы оңайға түспегенінен бастады. Әрбір қадам оңай болған жоқ, деді Беларусь басшысы. Бірақ, біздің басты мақсатымыз айқын, ол – халықтарымыз татулық пен достықта өмір сүріп, мемлекеттерді дамыту мен нығайту өзара тиімді ынтымақтастықтың негізінде жүзеге асырылып жатқанына олардың сенімді болуын қамтамасыз ету. Біздің дұрыс жолды таңдағанымызды өмірдің өзі көрсетті. Бұрынғы кеңестік кеңістіктің қайтарымсыз кері интеграциясына жол бермес үшін біз ТМД-ны құрудан бастадық, содан кейін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты, Кеден одағын құрдық. Біртұтас экономикалық кеңістіктің нобайын жасадық. Бүгін біз мәреге жетіп отырмыз. Ол Еуразиялық экономикалық одаққа әкелді. Осыған байланысты Александр Лукашенко қол қойылғалы отырған шарттың ережелерін оған қатысушылардың барлығының ортақ пайдасына қарай жетілдіру мүмкіндіктері бар екенін атады.
Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ құру жолы өте ауыр және ұзақ болды, қарсылық танытушылар да кездесті. Бүгін үш мемлекет Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюға саналы түрде қадам басып отыр. Ал Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт мемлекеттік егемендікті толық сақтай отырып, елдерімізді интеграцияның мүлде жаңа деңгейіне алып шығатынын атап өтті. Сондай-ақ, Ресей басшысы Еуразиялық одақ идеясының бастауында Нұрсұлтан Назарбаев тұрғандықтан, шартқа Қазақстанның елордасында қол қойылуының символдық мәні бар екеніне тоқталды. Бүгінде біз бірлесіп, экономикалық дамудың қуатты, тартымды орталығын, 170 миллионнан астам халықты біріктіретін ірі өңірлік рынокты құрудамыз, деді Владимир Путин.
«Үштік» елдерінде дамыған өнеркәсіп, индустриялық база, қуатты кадрлық, интеллектуалдық, мәдени әлеует бар. Географиялық жағдайымыз бізге тек өңірлік қана емес, жаһандық та маңызы бар көлік-логистикалық бағдарлар қалыптастыруға, Еуропа мен Азияның ауқымды сауда жолдарын өзімізге «бағындыруға» мүмкіндік береді. Осының барлығы – біздің бірлестігіміздің бәсекеге қабілеттілігінің, оның жедел өзгеріп жатқан әрі күрделі әлемдегі қарқынды дамуының кепілі болып табылады. Ресей басшысы өзінің сөзі барысында шартқа қол қоюдың тарихи маңызы ерекше екендігіне де тоқталды. Біздің бүгінгі кездесу тарихи маңызға ие, деді ол осы жайында. Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қояды. Бұл құжат мемлекеттердің егемендігін сақтай отырып, біздің елдерді интеграцияның жаңа деңгейіне шығарады. Әрі ол үйлесімді экономикалық ынтымақтастықты қамтамасыз етеді. Еуразиялық одақ идеясын Қазақстан Президенті 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетіндегі дәрісі барысында алғаш рет жария еткен болатын.
ЕАЭО – өзге елдер үшін ашық құрылым Шағын құрамдағы отырыс аяқталған соң мәжіліс кеңейтілген құрамда жалғасты. Бұл отырысқа Армения Президенті Серж Саргсян мен Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенко қатысты. Мемлекет басшылары Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы шартты әзірлеу барысын, сондай-ақ, Қырғыз Республикасының Кеден одағына қосылуы жөніндегі Жол картасын қарады. Отырысты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашып, жүргізіп отырды. Елбасы өзінің кіріспе сөзінде еуразиялық экономикалық интеграция келесі кезектегі биікке көтерілгенін атап өтті. Бүгін біз Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы шартқа қол қоятын боламыз.
Ол қол қоюшы мемлекеттер халықтарының әл-ауқатын, өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, шартты дайындаған сарапшылар тобының еңбегіне рахметімді айтамын. Сонымен бірге, біздің елдеріміздің үкіметтеріне және Еуразиялық комиссияға да осынау маңызды құжатты қысқа мерзімде дайындай алғандығы үшін алғыс айтамын, деді Қазақстан басшысы. Одан әрі Президент бүгінгі күні өзара іс-қимылымызды кем дегенде 15-20 жыл алға жетелейтін алыс көкжиекке көз тігуіміз керектігін атап көрсетті. ХХІ ғасырдың алғашқы жартысында біздің Одағымыздың алдындағы миссиясы екі түрлі маңызды мәселені шешуде екенін түсінуіміз керек.
Біріншіден, әлемнің аса маңызды экономикалық макроаймағына айналып, Шығыс пен Батыстың, Еуропа мен Азияның «экономикалық көпірі» болатын сапаға қол жеткізу арқылы бәсекелестікке қабілеттілігімізді арттыру. Екіншіден, әрбір мүше мемлекетті әлемнің барынша дамыған елдері қатарына енгізуді қамтамасыз ету, дей келіп, Еуразиялық экономикалық одақ халықтарымызға ауыртпалық емес, игілік бола білуі керек екенін атап көрсетті. Одан әрі Президент: «Біз тек осындай жолды ұстана білсек қана еуразиялықтың тартымдылығын арттырамыз және оның айқын мақсаттарына деген күмәнді біржолата жоятын боламыз», деді. Қазақстан басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың ұлтүстілік органдарының жұмыс істеу тәртібі туралы айтты.
Біз Еуразиялық экономикалық комиссияның Мәскеуде орналасуына келістік. Сөйтіп, Мәскеу Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық орталығы болады. Басқа да ұсыныстар болған еді, бірақ мәселе осылай шешілді. Минскіде Еуразиялық сот орналасады. Біздің Одағымыздың құқықтық аспектілері де сонда шоғырланады. Ал Алматыда 2025 жылдан бастап Одақтың қаржы нарығын реттеу жөніндегі ұлтүстілік орган орналасатын болады. Осылай дей келіп, Президент одақтық қаржылық реттегіштің құрылуын күтпей-ақ Алматыны Еуразиялық экономикалық одақтың қаржылық орталығы ретінде қарастыруды бастай беру керек екенін атап өтті. Н.Назарбаев өз сөзінің қорытындысында ЕАЭО мүше елдер экономикасын жан-жақты жаңғыртуға қуатты серпін беретінін атап өтті. Одан әрі Елбасы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша үш Мемлекет басшысы толық келісімге келгенін айта отырып, Армения мен Қырғызстан президенттерін кеңейтілген отырысқа шақыруға келіскендерін жеткізді. Енді осы екі мемлекеттің басшыларын тыңдайық, деп Нұрсұлтан Әбішұлы алғашқы сөзді Армения Президенті Серж Саргсянға берді. С.Саргсян өзін Еуразиялық экономикалық одаққа қол қою сияқты тарихи мәжіліске және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске шақырғандары үшін жаңа Одақтың мүшелеріне ризашылығын жеткізді. Мен Кеден одағы мемлекеттері басшыларын ЕАЭО құру сияқты маңызды қадамға аяқ басып отырғандығымен шын жүректен құттықтаймын, деді ол. Бұл шарт толып жатқан сарапшылар мен лауазымды тұлғалардың кедергілер мен келіспеушіліктерді реттеу жолында ұзақ тер төгу арқылы барлық жақтың да мүддесін ескерген мәмілелік шешімдерге қол жеткізген жанкешті еңбектерінің арқасында өмірге келген құжат екені сөзсіз. Әрине, оған қол жеткізу Мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында ғана мүмкін болып отырғанын да білеміз, деді ол.
Одан әрі Серж Саргсян Арменияның ЕАЭО-ға ену мәселесі туралы айтты. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің тиісті ведомстволары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның өзара келісімді жұмыстарының арқасында Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа енуі туралы шарттың жобасы белгіленген мерзімде дайын болды. Осыған орай Кеден одағы елдері басшыларына және Еуразиялық экономикалық комиссия мүшелеріне ризашылығымды білдіремін, деді ол. Біздің Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қоюға қызығушылық танытуымызға түрлі себептер бар, дей келіп, Серж Саргсян Арменияның 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕАЭО-ға енуі туралы ұлттық бизнес те, халық та толық хабарланғанын жеткізді. Солардың қолдауына сүйеніп және сарапшылық деңгейде 2-3 мәселе ғана толық келісілмегенімен, ымырашыл шешім белгіленгенін айта отырып ол өз елінің ЕАЭО-ға кіру туралы шартқа үстіміздегі жылдың 15 маусымына дейін қол қоюға әзір екенін жеткізді. Одан кейін сөз алған Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Нұрсұлтан Назарбаев жиырма жыл бұрын ұсынған идеясының іске асып жатқанын атап өтті. Мен Еуразиялық экономикалық одақты барлық мүше-мемлекеттердің экономикалық дамуына пайдалы алаң бола алатын тиімді ұйым деп санаймын.
Алдымен Кеден одағына ену және келесі кезеңде ЕАЭО қатарына өту Қырғызстан үшін экономикалық саясаттың маңызды бағыты және саналы шешімі болып отыр. Кеден одағына мүше елдер – біздің экономикалық әріптестеріміз ғана емес, ең алдымен рухы жақын, тарихы ортақ халықтар. Біздің арамызда ешқандай тілдік кедергі де жоқ. Бізде ортақ тарих болса, алдағы уақытта болашағымыз да ортақ болады деп санаймын, деді А.Атамбаев. Сонымен қатар, ол прогресшіл интеграциялық қағидаттар қатысушы елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін де арттыратынын атап өтті. Осы мәселелердің шешілуі Қырғызстан халқының ұлттық мүдделеріне сай келеді. Оған Кеден одағының басқа мүшелері де мүдделі. Қырғызстанмен әріптестік қатынастар орнату Кеден одағы мүшелеріне геосаяси артықшылықтарды айтпағанның өзінде, аймақтық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді деп ойлаймын, дей келіп, ол түрлі экономикалық болжамдар мен сараптарға қарағанда Кеден одағына кіретін болса Қырғызстан үшін алғашқы кезеңдер оңай болмайтынын біліп отырғанын жеткізді.
Ал қазір Қырғызстан экономикасы күрделі жағдайға қарамай, тұрақты даму жолына түсіп келе жатыр. Сондықтан біз өз проблемаларымызды шешуді ешқашан Кеден одағының басқа мүшелеріне жүктемейміз. Алайда, бізді өндірістің тоқырап, жұмыссыздықтың артуы ғана алаңдатады. Біздің осындай проблемаларымызға түсіністікпен қарап, қолдау білдіргенді ғана қалаймыз, деді А.Атамбаев. Келесі кезекте ол Қырғызстан экономикасын өтпелі кезеңде қолдағандары үшін Қазақстан мен Ресей тараптарына алғысын жеткізді. Ресей тарапымен бірігіп бүгінгі күні Қырғызстанның Кеден одағына өту мәселелерін шешуге қаржылық қолдау білдіретін қор құру туралы шешім қабылданғанын айтты. Қырғыз тарабы да ресейлік инвестицияға, қор жұмыстарына қолдау білдіреді және оны қорғауға кепілдік береді. Кеден одағына өтуде біз әріптестеріміздің және өзіміздің экономикамызға тиімді қатынас, инвестициялық дұрыс ахуал орнатуды көздейміз, деген Қырғызстан Президенті. А.Атамбаев өзінің сөзін Қырғызстанның Кеден одағына өтуі ел экономикасының дамуы мен халықтың жағдайы жақсаруына тың серпін беретінін атап өтумен қатар, бүгінгі отырыста Қырғызстанның Кеден одағына өтуі туралы Жол картасына қол қойыларына үміттенетінін білдірумен аяқтады. Жаңа жылды біз бір интеграциялық құрылымда қарсы алармыз деген үміттемін, деді ол. Одан кейін отырыс төрағасы Н.Назарбаев күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндау үшін сөз кезегін Жоғары Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенкоға берді.
Ол өзінің сөзін Мемлекет басшыларының алдында жатқан кітапқа назар аударудан бастады. «Еуразиялық жобаға – 20 жыл» деп аталған бұл кітап Елбасы Н.Назарбаевтың 1994 жылдың басында М.В.Ломоносов атындағы ММУ-де сөйлеген сөзімен басталып, жиырма жыл бойғы интеграциялық үдерістерді, барлық құжаттарды, фотографияларды қамтып, ақыры Қазақстан басшысының үстіміздегі жылғы сәуір айында сол оқу орнында сөйлеген сөзімен аяқталады екен. Бұл кітап бүгінгі экономикалық одаққа алып келген тірі тарихты паш еткен, деді ол. Одан әрі В.Христенко күн тәртібіндегі мәселелерге ойысып, бірінші мәселедегі ЕАЭО құру туралы шарттың барлық жақпен келісіліп, қол қоюға толық дайын екендігі туралы айтты. Осы уақытқа дейін келісілмеген өнеркәсіптік субсидиялар алу кезіндегі технологиялық операциялар және автомобильдерді өнеркәсіптік құрастыру режімін келісу сияқты екі мәселе бойынша да экономикалық комиссия келісімге келіп, шешімді сіздердің қол қоюларыңызға ұсынып отыр. Сонымен қатар, Одақтың толыққанды жұмыс істеуіне қажетті тағы 20 шақты құжатты дайындауымыз керек. Біз оларды жылдың басында іске кірісуі үшін қысқа мерзімде дайын етеміз, ал қабылдау үшін қазан айында Минскіде және желтоқсан айында Мәскеуде кездесу жоспарлауларыңызды өтінемін, деді В.Христенко. Екінші мәселе Арменияның ЕАЭО-ға енуі туралы шарттың дайындығы туралы екен.
Бұл мәселе бойынша айтқанда, Армения қабылдауға тиісті 126 құжаттың қысқа мерзім ішінде 119-ын қабылдап, қалғандары ымыраға келуге болатын құжаттар болғандықтан, аз уақытта дайын етілетінін жеткізіп, Одаққа ену туралы шартты шілде айында сіздердің қарауларыңызға ұсына аламыз, деді Жоғары Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы. Ал Қырғызстанның Кеден одағына енуі туралы Жол картасы да дайын екендігі жеткізілді. Оны Қырғызстанның Үкіметі қолдап, Парламенті бекіткен екен. Одан әрі бұл елдің келесі интеграциялық құрылымдарға өтуі де қарастырылатыны жеткізілді. Одан әрі осы екі мәселе бойынша Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелері өз пікірлерін ортаға салды. Бірінші сөйлеген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин баяндаманы толық қолдайтынын жеткізді. Мені Армения мен Қырғызстанның еуразиялық интеграцияға енуге деген ұмтылысы қуантып отыр. Әрине, бұл ең алдымен олардың ұлттық мүдделеріне сай екендігі сөзсіз. Біз олардың ұмтылысын қолдап, интеграциялық ұйымдарға қосылуына жағдай жасаймыз, деді ол. Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко да мұндай ұмтылысты қуана қолдайтынын жеткізді. Тек біздің шарттарымызды орындаса болды, біз оларды қуана қарсы алуға дайынбыз, деді ол. Күн тәртібіндегі басқа төрт мәселе Экономикалық комиссияның өтінішімен талқылаусыз шешілді.
Тек Армения мәселесі бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы бұл елдің ЕАЭО-ға енуі барысында мемлекеттік аумағы БҰҰ-да тіркелген көлемде танылатынын атап өтті. Сіздер БСҰ-ға енгенде де осылай болған, сондықтан әзербайжан жағының қарсылығын тудырмас үшін осындай қадамға барамыз. Оның үстіне әзербайжан жағынан да осындай өтініш хат келген. Артынан, шілде айында Арменияның Одаққа енуі туралы шартқа қол қоятын болсақ, осындай мәселенің бар екендігі ұмытылмасын, деді Қазақстан Президенті өз сөзін Серж Саргсянға қаратып.
Ал Қырғызстанның Кеден одағына қабылдану мәселесі ешқандай проблемасыз шешіліп, шешімге қол қойылатын болды. Сонымен бірге, Н.Назарбаев қол қойылатын Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың барлық мемлекеттердің парламенттері тарапынан бір мезгілде ратификациялануын ұсынды. Сонда біздің Одағымыз 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап толыққанды жұмыс істейтін болады. Бұл біздің елдеріміз тарихының жаңа парағы болсын, деді Н.Назарбаев. Осымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өз жұмысын аяқтап, Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақты құру жөніндегі шартқа салтанатты түрде қол қою үшін келесі залға өтті.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген отырысы күткендегідей нәтижелі болды. Қорытындысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин және Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа салтанатты жағдайда қол қойды. Құжатқа қол қою рәсіміне үш мемлекет парламенттерінің депутаттары, зиялы қауым және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Салтанатты рәсімнен соң Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің Президенттері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне мәлімдеме жасады. Қазақстан басшысы, алдымен Одаққа мүше үш елдің халқын, осы салтанатты шараға куә болып отырған жұртшылықты Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуымен құттықтады. Бұл экономикалық одақ болып табылады, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Біз өзіміздің экономикалық мүмкіндігімізді елдеріміз халықтарының әл-ауқатын және тұрмыс-жағдайын өркендету үшін бірлесіп отырмыз. Тарихи құжат – Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа бүгін Астана қаласында қол қойылды. Астана Еуразия құрлығының ортасында орналасқан. Келесі кезекте Елбасы Астана қазіргі заманның ең жас елордасы екенін атап көрсетті. Мұнда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, ЕҚЫҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы және өзге де халықаралық ұйымдардың саммиттері өтті. Біз ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындалудамыз. Қазақстан еуразиялық интеграция идеясының ілгерілеуіне тарихи үлес қосты.
Нақ осында ғасыр басында Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды, біздің интеграциялық үдерісіміздің барысы мен қарқынын айқындаған бірқатар маңызды шешімдер қабылданды, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұдан соң Мемлекет басшысы Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың бастамашысы болғанына тоқталды. Астана қаласы Еуразиялық экономикалық одақтың бесігі болды деп мақтанышпен айта аламыз, деп жалғастырды сөзін Елбасы. Бұл біздің көршілес елдермен достық, өзара әріптестік қарым-қатынастардың жалғасы болады деп есептеймін. Еуразиялық одақ идеясының жария етілгеніне жиырма жыл толды. Оны алғаш рет М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде айтқан болатынмын. Осы жылдар ішінде қыруар жұмыстар атқарылды. Бастама Ресей Президенті мен Беларусь Президенті тарапынан қолдау тапты. Бүгін соның нәтижесін көріп, шартқа қол қойып отырмыз. Тек соңғы бес жылда Қазақстанның Кеден одағына қатысушы елдермен арадағы тауар айналымы 88%-ға өсіп, 24 млрд. долларлық мөлшерге жетті.
Еуразиялық интеграция жөніндегі серіктес мемлекеттерге біздің экспортымыз 63%-ға ұлғайып, 6 млрд. доллар болды. Бұл абстрактілі сандар ғана емес. Олардың артында жүздеген нақты кәсіпорындар мен компаниялар, қазақстандық, беларусьтік және ресейлік серіктестермен арадағы өзара іс-қимылдың жаңа желілері тұр. Бұл – мыңдаған жаңа жұмыс орындары, тұрақтылық және өзіне жаңа өткізу нарықтарын ашқан Қазақстан бизнесінің табыстылығының өсуі, деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы интеграциялық ынтымақтастықтың берері мол екенін атап өтті. Президенттің атап өткеніндей, бүгінгі қол қойылған құжат оған қатысушы елдердің экономикасын өркендетеді, сол арқылы кәсіпкерлік дамиды, жаңа жұмыс орындары ашылады. Қазіргі кезде Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуға Армения мен Қырғызстан да жаңа қадам жасап жатыр, деді Елбасы. Ондағы басты мақсатымыз, әрбір елдің мүмкіндіктерін интеграциялық байланыстар жасау арқылы арттыру болып табылады. Біздің ұлттық экономикамызды құлдыратпау үшін барлық мәселелерді ескеруіміз қажет. Еуропалық одақтың жағдайы бізге осыны көрсетіп отыр. Әлемдік экономиканың тұрақты дамуы осындай жаңа мүмкіндіктер ашудан көрінеді. Осындай мүмкіндіктерді біз жаңа экономикалық одақтан көріп отырмыз. Нұрсұлтан Назарбаев интеграция, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономиканың дамуына қажетті ұзақ мерзімді тұрақты жағдайды және азаматтардың бақуатты өмірі үшін жаңа мүмкіндіктерді білдіретінін атап өтті.
Еуразиялық экономикалық одақты біз жаһандық байланыстармен етене жымдасқан, Еуропа мен дамып келе жатқан Азия ареалдары арасындағы берік көпір түріндегі ашық экономикалық қоғамдастық ретінде көреміз. Еуразиялық интеграцияны дамыта отырып, біз заңды кезеңдер – еркін сауда аймағы, Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістік арқылы батыл ілгерілеп келеміз, деді Қазақстан басшысы. Қазақстан Президенті ЕАЭО туралы шартқа қол қою арқылы Жер шарының ең ірі тұтынушылық нарықтарының бірі, энергия ресурстарының ірі экспорттаушысы болып саналатын интеграциялық бірлестіктің құрылуы заңдық тұрғыдан ресімделгенін айтты. Мемлекеттердің тәуелсіздігіне кепілдік беретін негізгі ресурстар бұл бірлестіктің өзінде жеткілікті. Осылайша бүгін ХХІ ғасырдың жаңа геоэкономикалық ақиқаты дүниеге келді. Ол үлкен қиындықпен құрылды. Ашығын айтайын: біз Еуразиялық экономикалық одаққа көп қиындықпен жеттік. Алдымызда жаһандық тұрақсыздық жағдайындағы қалыптасу мен дамудың күрделі кезеңі тұр.
Интеграция бізге өздігінен керемет өмірге кепілдік бермейді. Жаңа сын-қатерлер мен жаңа міндеттер болады. Біз оларды бірігіп шешуге және баршамыздың күш-жігерімізбен дағдарысты еңсеруге дайын болуға тиіспіз, деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия кеңістігінде халықтардың тату көршілігінің түбегейлі жаңа үлгісі қалыптасып жатқанын, оған жоғары сенім, берік достық және мемлекеттеріміздің өзара қолдауы негіз болып отырғанын атап айтты.
Еуразиялық экономикалық одақ, ең алдымен, біздің елдеріміздің миллиондаған азаматтары үшін жаңа мүмкіндіктер көзі. Қатысушы елдерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы алғышарттар жасалуда. Еңбек ресурстары нарығы бірігуде, бұл кәсіби деңгейді көтеру мен еңбек өнімділігін арттырудың маңызды факторы саналады. Азаматтар үшін Еуразиялық экономикалық одақтың әрбір мемлекетінде білім беру қызметі мен әлеуметтік инфрақұрылымдарына тең қолжетімділік жағдайлары жасалуда. Ішкі кедергілерді жою қазірдің өзінде мәдени-гуманитарлық байланыстарымызды күшейтуге, туризмнің өсуіне жақсы ықпал етті. Осы пайданың барлығын азаматтарымыз айқын ұғынып отыр. Бұл еуразиялық ықпалдастық үдерісіне кең ауқымды халықтық қолдау болуда, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті үш елдің жастарына да сөз арнады. Еуразиялық экономикалық одақ сіздер үшін құрылуда. Ол сіздерге қатысушы елдің кез келгенінде сапалы білім және кәсіби машықты игеруде артықшылық береді. Бүгінгі оқиға біздің елдеріміздің болашағы үшін, бірінші кезекте, жаңа ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктер көзін ашады, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы қатысушы-мемлекеттердің орталық ведомстволары мен үкіметтері жетекшілерінің, Еуразиялық экономикалық комиссия мүшелерінің, сарапшылардың еуразиялық экономикалық ықпалдастық үдерістерін жүзеге асырудағы айрықша үлесін атап өтті.
Ол ортақ жұмыстың нәтижесі тарихи құжатқа қол қою болғанын айтты. Еуразиялық экономикалық одақ – біздің елдеріміздің мәңгілік достығының, өзара іс-қимылы мен тату көршілігінің берік жаңа тетігі. 29 мамыр біздің елдеріміздің естелік күнтізбелеріне Еуразиялық ықпалдастық күні ретінде енуге лайықты деп санаймын. Біздің елдеріміздің халқын, осы рәсімнің барлық қатысушылары мен қонақтарын Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуымен тағы да құттықтаймын, деді Мемлекет басшысы. Өз сөзінде Ресей Федерациясының Президенті В.Путин қол қойылған шарт экономиканы дамытып, үш ел азаматтарының әл-ауқатын көтеру үшін үлкен мүмкіндіктер ашатынын атап айтты. Ресей, Беларусь және Қазақстан өзара іс-қимылдың мүлде жаңа деңгейіне өтеді: тауарлар, қызметтер, капиталдар мен жұмыс күші еркін қозғалатын ортақ кеңістік құрады. «Үштік» мемлекеттері экономиканың энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және көлік секілді негізгі салаларында келісілген саясат жүргізетін болады.
Іс жүзінде біз 170 миллионнан астам халқы бар ТМД кеңістігінде өндірістік, ғылыми және технологиялық әлеуеті зор, табиғи ресурстары орасан мол, ірі әрі бірыңғай нарық құрамыз, деді В.Путин. Ресей Президенті әлемдік экономикада толыққанды халықаралық құқықтық субъектілікке ие және Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидалары негізінде әрекет ететін жаңа экономикалық ұйым пайда болып отырғанын айтты. Ол сауда құрылымын жетілдіру, жоғары технологиялық тауарлар үлесінің артуы, елдеріміздің әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілігінің нығаюын қоса қамтитын ықпалдастық үдерістердің өзара тиімділігі қазірдің өзінде іс жүзінде дәлелденіп жатқанына назар аударды. Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко Армения мен Қырғызстанның еуразиялық ықпалдастық үдерісіне қосылуын атап өтті. Өз кезегінде Беларусь келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асыру жолында жүйелі әрі міндетті түрде ілгерілеуге дайын. Шартқа қол қою – осымен бітті деген сөз емес, ол біздің дұрыс қадам жасағанымызды бүкіл әлемге дәлелдеуге тиіс болатын салиқалы үдерістің бастауы. Сонымен бірге, Еуразиялық экономикалық одақты құру жөніндегі іс-қимылдардың қатысушы-мемлекеттердің өзара саудасына айтарлықтай ықпал ететін мәселелерді шешумен байланысты болғаны жөн, деді А.Лукашенко. Соңында мемлекет басшылары үш елдің жұртшылық өкілдерімен бейресми әңгіме өткізді.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта халықаралық ұйымдарға тән арқаулық аспектілер, мемлекеттердің егеменді теңдігі, аумақтық тұтастығы, сондай-ақ, Одаққа мүше-мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшелігін құрметтеу қағидаттары көрініс тапқан. Бұған қоса, Шарт Қазақстан, Ресей және Беларусь азаматтарының әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыру мәселелерін шешуге бағытталған және тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын, үйлестірілген экономикалық саясат жүргізуді қарастырады. Жалпы алғанда, келешектегі интеграциялық тиімділік 2030 жылға қарай ІЖӨ-нің жиынтық өсімі 900 млрд. доллар көлемінде болатындығымен бағаланып отыр.
Еуразиялық экономикалық одақ теңдік, негізділік, жүйелілік, прагматизм және өзара тиімділік қағидаттары негізінде құрылады. Өзекті мәселелер талқыланған кездесу Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Келіссөздер барысында индустрияландыру, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібінің өзекті тақырыптары қаралды. Мемлекет басшылары қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың өзекті аспектілері мен елдердің осы бірлестік аясындағы өзара іс-қимылының негізгі бағыттары жөнінде мәселе қозғады. Нұрсұлтан Назарбаев экономиканың маңызды салаларын дамытуға игі ықпалын тигізіп отырған Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың жоғары қарқынын атап көрсетті. Өз кезегінде В.Путин екіжақты қарым-қатынастардың табысты дамып отырғанына тоқталып, жоғары технологиялы салалардағы өзара іс-қимылдың мейлінше белсендірек болу қажеттігін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшыларының қатысуымен мынадай құжаттарға қол қойылды: – Ресей Федерациясы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы 2010 жылғы 9 желтоқсандағы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттама; – Қазақстан Республикасы аумағында атом электр стансасын салудағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ пен «Росатом» МК баламалы энергетика мен сирек және сирек кездесетін жер металдары өндірісі саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы бірлескен мәлімдемесі; – Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының кешенді бағдарламасы; – Қорасан-1, Ақдала, Оңтүстік Іңкай (4 учаске) кен орындарында жер қойнауын пайдалану мәселелерін реттеу жөніндегі Жол картасы.
Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қою рәсіміне арналған салтанатты концертте болды. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер және бақылаушы елдер басшылары «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрындағы концертті тамашалады. Мемлекет басшыларына ұсынылған бағдарламаға бес елдің орындаушы өнерпаздары қатысты.