Ақмола облысында үш ауданның диқандары егін орағы науқанын бірінші болып аяқтады. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының диспетчері хабарлады.
Оның айтуынша, бүгінгі күнге дейін облыста 3930,5 мың гектар алқаптың егіні орылып, оның 3892,2 мың гектары бастырылды. Бұл тиісінше барлық егіс алқабының 93,8 пайызы.
«Облыс бойынша әр гектардан орта есеппен 10,7 центнерден астық жиналуда. Ал Сандықтау ауданында бұл көрсеткіш 14,5 центнерден асып отыр. Орақ науқанының 100 пайыз игерген астықты өңірлер Жарқайың, Есіл және Ақкөл аудандарының диқандары бірінші болып науқанды аяқтап отыр»,- деп көрсетілген хабарламада.
Еске сала кетсек, биылғы жылы облыс бойынша себілген ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы көлемі 4547,9 мың гектарды құраса, оның 4147,5 мыңы дәнді және дәнді бұршақ дақылдарына тиесілі. Сонымен қатар 244,3 мың гектар майлы дақылдар, 132,8 мың гектар мал азығы, 18,7 мың гектар картоп және 4,4 мың гектар көкөніс отырғызылған.
Ауыл шаруашылығы министрлігі берген соңғы мәлімет бойынша алқаптағы бидайдың 98,7%-ы жиналды. Бұл 19 млн тоннадан астам астық. Қалғаны қамбаға қашан құйылады? Солтүстік Қазақстан – астығы аста-төк аймақ. Статистикалық сандарға сүйенсек, алғашқы қарға дейін 5 млн 400 мың тонна егін жиналған. Гектар берекелігі орташа есеппен 16,8 центнерден айналды. Айдарбек Сапаров, облыс әкімінің бірінші орынбасары: - Биылғы жылы егін жинау науқанына уақытында кірістік. Дайындық өте жоғары деңгейде өтті. Соның арқасында бүгінгі күні 99,7% егінді орап алдық. Ал енді қалған 10 мың гектарды ертең кешке дейін бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. Ол – 2-3 сағаттық жұмыс. Сары алтынның сапасына тоқталсақ, астық қабылдау орындарына 1 млн 100 тонна егін түсті. Оның 40%-3, 40%-ы – 4-сұрыпты. Жалпы солтүстікқазақстандық диқандар осы жылы да ел қамбасының 1/3 толтырды. АлАқтөбеде өңірдіңдиқандары 25 қыркүйеккедейінастықтыжинапүлгерді. 320 мыңгектаржергедәнді-дақылдарегілсе, оның 224 мыңгектарынанбидайжиналды. Биыл 135 мың 900 тоннаастыққамбағақұйылды. Жалпы осы егін шаруашылығында біздің өңірге тән мәселе жыл сайын құрғақшылықтың қайталануы болып тұр. Өткен жылы өңір шаруалары гектарынан 4, 8 центнерден өнім алса, биылғы көрсеткіш одан сәл жоғары. Егісті аудандар әр гектардан 6,1 центнерден алды. Биыл облыстың барлық аудандары да егін салды, дегенмен біраз ауданың жері егіншаруашылығына қолайлы емес. Әйтеке би, Мәртөк, Хромтау және Қарғалы аудандарының шаруалары ғана еткен еңбектің жемісін көргендей болды. Көктем жаңбырлы болғанда шаруалар қуанып калып еді, алайда маусымдағы ыстық күндері бидайдың сабағы қурай бастады. Жалпы соңғы бірнеше жылда өңірде мал азығы дақылдары алқаптарын ұлғайтып, мал шаруашылығына басымдық беру жайы жиі айтылып жүр. Себебі астықтың күйіп кету қауіпі зор. Диас Ерғалиев, Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бас маманы: - Мал азығы дақылдары егіс көлемі ұлғаюда, 2014 жылы егіс алқабы 136 мың гектар болса, ағымдағы жылы 13 мың гектарға артып, 149 мыңды құрады. Алдағы жылы мал азығы дақылдарының суармалы егіс алқабын көбейту мақсатында 3 жоба іске асады деп жоспарлап отырмыз. Ауа райының кенеттен бұзылуы орақ науқанына кері әсерін тигізбей қоймады. Өкінішке орай, Павлодар облысының негізгі астық себетін аудандарында егін орағы тоқтап тұр. Бірнеше күннен бері толассыз жауған жаңбырдың соңы қарға ұласып, егіс алқаптарын басып қалды. Мәселен, Железинка ауданы үшін науқанды толық аяқтауға бір апта ғана жетпей қалды. Қазіргі күні шамамен егіннің 95%-ы орылып, 100 мың тонна астық бастырылды. Бұл аудан жалпы көлемі 100 мың гектар алқапқа астық салды. Бүгінгі күні оның 99 мың гектары толық жиналған. Өнімділігі гектарына 10 центнерді құрап отыр. Ал астық ең көп салынатын Ертіс ауданында егіс алқаптарының 85%-ы орылды. Биыл өнім көрсеткіші жылдағыдан жоғары болып отыр. Гектарына 13,5 центнерден келген. Қамбаға 225 мың тоннадай астық құйылды. Жалпы Павлодар облысы бойынша 644,1 гектар алқаптың егіні жиналып, 656 мың тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 10,2 центнерден келді. Аймақтың он бір ауданының тоғызында орақ науқаны толық аяқталған. Железин мен Ертіс ауданының диқандары қолайлы күн райын күтіп отыр.
Бұл саладағы жағдайды Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан МАМЫТБЕКОВ «Егемен Қазақстан» газетіне беген сұхбатында кеңінен тоқталған.
– Қазіргі күнде «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде халықты сүт және ет өнімдерімен толық қамтамасыз ету мақсатында әзірленген бағдарламалардың жүзеге асырылуы жөнінде айтып берсеңіз. Негізі, аталған өнімдерді импорттауды азайтып, керісінше, экспорттауға Қазақстанның мүмкіндігі бар ма?
– Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында сүт өндірісін дамытуда бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, былтыр елімізде 5 млн. тоннадан астам сүт өндірілген. Оның 82 пайызы жеке қосалқы шаруашылықтарда, ал 18 пайызы ауылшаруашылық құрылымдарында өндірілген. Яғни, сүт өндірісінің негізгі көлемі жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі. Мұндай шаруашылықтарда өндірілген өнімнің технологиялық сапасы төмен болғандықтан сүт өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына тапсыру күрделі мәселе болып отыр.
Десем де, жыл сайын елімізде сүт өнімдерін тұтыну көлемі 6 пайызға артып келеді. Сондықтан, сүт өндірісін кооперативті негізде дамытқан жөн. Ол үшін бірінші кезекте аймақтарда мамандандырылған өндіріс нысандарын салу және жаңғырту қажет. Осы ретте 2014 жылдан бастап елімізде кішігірім және орта отбасылық сүт тауарлы фермалар желісін құру мақсатында «Ырыс» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында 37 фермерлік шаруашылық қаржыландырылды. Бұған қоса, заманауи сүт тауарлы фермалар желісін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кәсіпорындардың қосымша 1 млн. тоннадан астам сүтті өңдеуге мүмкіндігі бар. Алайда, сапалы әрі бәсекеге қабілетті сүттің болмауынан сүт өңдеу қуаттылықтары толық жүктелмей отыр.
Осыған орай, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып, сүт өндіру және өңдеу кооперацияларын дамыту қолға алынады. Осы бағыттағы жұмыс жаңазеландиялық FONTERRA және даниялық ARLA компанияларының үлгісімен, ауылдық жерлерде кооперативтік өндірісті дамыту арқылы жүргізілмек. Ұлттық жоспардың 60-қадамын іске асыру аясында «Кооперация туралы» жаңа заң қабылданады. Онда ауылшаруашылық кооперативтерінің коммерциялық нысанға өтуі көзделген. Бұл оның кірісін өздеріне жинақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, арнайы салықтық режім және ауыл шаруашылығы серіктестіктері үшін жеңілдетілген несие түріндегі мемлекеттік қолдау шараларының болмауы және кооперативтер қызметінің ашық емес екендігін есепке алып, оларды қолдау мақсатында арнайы салықтық режім оңтайландырылады. Мұндай кооперативтер өз кезегінде міндетті ішкі аудит қызметін енгізулері қажет. Себебі, мемлекет аудитке кеткен шығынның 50 пайызға дейінгі құнын субсидиялауды көздеп отыр.
Қазақстанның сүт нарығында әлемге танымал Danon және Lactalis секілді ірі сүт компаниялары бар. Осы кәсіпорындар айналасында бірлескен сүт өндіру кешендерін салуды қолға алдық. Сүтті қайта өңдеуге қатысты жобалар «Агробизнес-2020» және индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығының басым бағыттары. Қазіргі кезде шетелдік инвесторлардың қатысуымен ірі тауарлы-сүт фермаларының құрылысы басталды. Оған қоса, аталған жобаларды «ҚазАгро» және «Бәйтерек» холдингтерімен бірлесіп қаржыландыруға қатысты мәселелер талқылануда. Жалпы, атқарылатын шаралар елімізде сүт өнімдері импортының көлемін азайтуға және шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға негіз болмақ.
– Ұлт жоспарының 61-қадамы ет және ет өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тартуға арналған. Осы бағытта қандай іс-шаралар атқарылуда?
– Қазақстан сиыр және қой етін экспорттау бойынша зор әлеуетке ие. Оған қоса, еліміз халықаралық нарықта өзін экологиялық таза және сапалы өнім өндіруші ретінде таныта алады. Себебі, еліміздің кең табиғи жайылымдық жерлерге ие болуы отандық өнімнің бәсекеге қабілетті, таза әрі сапалы болуына жол ашты. Ресей, Қытай, Еуразиялық одақ елдері сиыр етінің әлеуетті нарықтары. Осыған орай, отандық еттің экспорттық мүмкіндіктерін және халықаралық нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында 2011 жылдан бастап «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы жүзеге асырылып келеді. Осы жобаның аясында етті мал өсіретін шаруашылықтар біршама табысқа қол жеткізді. Мәселен, елімізде асыл тұқымды ірі қара мал өсіретін репродукторлар құрылып, «Сыбаға» бағдарламасының аясында аналық мал басын асыл тұқымды бұқалармен қамтамасыз етуде.
Осының нәтижесінде 9 мыңнан астам фермерлік шаруашылықтар тұқымдық түрлендіру бағдарламасымен жұмыс істеп жатыр және мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізді. Енді осы шаруашылықтардағы мал басының өнімділігі артып, өзіндік құны төмендеп, бір мал басынан түсетін пайданың көлемі көбейіп келеді. Әлемге қарасақ, аграрлық экономиканың негізгі бағыты – барлық дамыған елдердегідей ауылшаруашылық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Осы жерде, «Сыбаға» бағдарламасын іске асырудың арқасында ұйымдастырылған шаруашылықтарда ірі қара мал үлесі 2011 жылмен салыстырғанда 17 пайызға ұлғайғанын және барлық мал басының 35 пайызын құрағанын айтқан дұрыс. Түрлендіру жолымен асыл тұқымды етті бұқалардың әлеуетін қолдану арқылы сойыс шығымының да артқаны байқалады. Қазір ол орташа 180 кг құрайды, ал ұйымдастырылған шаруашылықтарда – 220 кг. Бұл нәтиже 2010 жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.
Ет экспорты 2014 жылдың қорытындысы бойынша соңғы 20 жылда алғаш рет ет және ет өнімдерінің экспорты 12,7 мың тоннаны құрады. Еттің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында Ұлт жоспарындағы 61-қадамның шеңберінде жоғары деңгейдегі халықаралық компаниялардың қатысуымен кластерлер құру жұмыстары жалғастырылуда. Қайта өңдеу кәсіпорындарын салу бойынша Шығыс Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстарында шетелдік серіктестердің қатысуымен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін келіссөздер жүргізілді. Осы шаралар ет өндірісі мен оны қайта өңдеуді дамытуға стратегиялық инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.
– Жалпы, саладағы стратегиялық бағдарламалар жөнінде әңгімелеп берсеңіз.
– Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2013 жылы «Агробизнес-2020» бағдарламасы қабылданды. Осыған орай заңнамалық негіз қалау жұмыстары басталған еді. Нәтижесінде, жаңа мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға мүмкіндік беретін заң қабылданды. Оның 2014 жылғы қорытындыларына тоқталсақ, алғаш рет тамақ өнімдерінің өндірісі 1 трлн. теңгеден асты. Ал саланың негізгі капиталына инвестициялар ағыны былтыр 173,3 млрд. қаржыны құрап, 19,1 пайызға артты. Осы ретте, өсімдік шаруашылығындағы құрылымдық және технологиялық әртараптандырудың пайдасын да атап өткен жөн. Егер 2011 жылы бидайдың егістік алқабы 65,7 пайызды құраса, биыл бұл алқаптар 57,5 пайызға дейін қысқарды. Осы жылы бағдарламаны іске асыру үшін 227,4 млрд. теңге бөлінді, сондай-ақ, көрсетілетін мемлекеттік қолдау көлемі де едәуір ұлғайды. Мәселен, субсидиялар көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 177,5 млрд. теңгеге жетті.
«Агробизнес-2020» бағдарламасымен бірге инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасында Ұлттық қордан АӨК субъектілерін қаржыландыруға 20,5 млрд. теңге көлемінде қаражат көзделген. Бағдарлама аясында мал шаруашылығы саласын дамытуға бөлінген қаражат ірі, шырынды, құнарлы жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындауға және сатып алуға кеткен шығындарды арзандатуға, өндіру құнын төмендетуге, оған қоса етті мал шаруашылығында селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын болады. Сондай-ақ, осы қаражат есебінен өңірлік бірігу жағдайында отандық мал және құс шаруашылығы кәсіпорындары өнімінің бәсекеге қабілеттілігі арттырылады.
– Ауылды жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту шарасы мықтап қолға алынғаны мәлім. Әйткенмен, алыс шалғайдағы шағын қожалықтардың өндірген өнімін нарыққа жеткізу мәселесі әлі де шешімін таппаған сияқты. Сол шалғайдағы шаруалардың өнімін негізгі логистикалық желіге жеткізіп, оны түрлі жеңілдіктермен үлкен нарыққа арзан жолмен баруына амал жасауға бола ма?
– Шалғай орналасқан шаруашылықтар өндірген өнімдерін өткізуге жәрдемдесу үшін сервистік-дайындау орталықтарының ұйымдастыру мәселесін шешу қажет. Олар өз кезегінде өнімді жинап алып, әрі қарай қайта өңдеушілерге немесе сауда желілеріне жеткізетін болады. Бүгінде мұндай ұйымдар еліміздің бірқатар өңірлеріндегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жанында жұмыс істейді. Осындай орталықтардың бірі – сүт қабылдау пункттері. Бұл пункттер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ есебінен қаржыландырылады. Несиені ауылдық жерлерде шаруа қожалықтары және фермерліктер, жеке кәсіпкерлер мен жеке және заңды тұлғалар алады. Ол қаражат сүт қабылдау пункттеріне қажетті техника немесе жабдықтар сатып алуға, жалпы қарыз сомасының 25 пайызынан артық емес мөлшердегі айналым капиталын толықтыруға жұмсалуы тиіс. Қарыздың ең көп сомасы – айлық есептік көрсеткіштің 8 мың есе көлемі. Өткен жаз мезгілінің соңындағы жағдай бойынша 88,7 млн. теңгеге сүт қабылдау пункттерін құруға 14 жоба қаржыландырылып, 86 адам жұмыспен қамтылды. Қаржыландыруға өтінім қабылдау жұмыстары әлі жалғасуда.
– Еліміздегі бау-бақша өнімдері өндірісінің жағдайы қандай?
– Қазіргі уақытта бау-бақша өнімдерінің өндірісі өз халқымыздың қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Өнімді тұтынудағы ұлттық нормаларға сәйкес республика бойынша қажеттілік 308,9 мың тоннаны құрайды. Былтыр 233 мың тонна бау-бақша өнімі өндірілген, бұл көрсеткіш халқымыздың 75,4 пайызын ғана қамтамасыз етті. Осы мәселені шешу үшін өндіруші шығындарының 40 пайызын субсидиялап, бау-бақша алқаптарын ұлғайту жұмыстары белсенді жүргізілуде. 2007 жылдан бері 14,3 млрд. теңге бөлініп, 21,9 мың га алқапта жаңа бау-бақшалар егілді. Сөйтіп, жеміс беру жасына жеткенге дейінгі күтімі субсидияланды. Былтырдан бастап алма бақтарын салуда инвестициялық субсидиялау бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Онда көшетті сатып алу, тамшылатып суару жүйесін, шпалер, бақ техникаларын алуға, ауылшаруашылық тауарын өндірушілердің шығындарын 40 пайызға дейін субсидиялау жоспарда бар. Бау-бақша өндірісін қолдау мен тұқым шаруашылығын, гербицидтер мен тыңайтқыштарды алуды, су тасымалдауды субсидиялау бағдарламасы да іске қосылды.
– Дүниежүзілік сауда ұйымына Қазақстан ауыл шаруашылығы бойынша өзінің негізгі мүдделерін қорғай отырып қосылды. Десек те, ДСҰ аясында жұмыс істеу үшін саланы дамыту жүйесінде бірқатар өзгерістер орын алуы ықтимал. Олар қандай өзгерістер және олардың салаға келтіретін пайдасы мен тигізетін зияны жөнінде айтсаңыз екен?
– Келіссөздер қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың шараларын ауыл шаруашылығы жалпы өнімінен 8,5 пайыз деңгейінде «сары себетті» тікелей субсидия түрінде қолдануға қол жеткізілді. ДСҰ ережесіне сай бұл субсидия көрсетілген мөлшерден екі есе артық. Біріншіден, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің құнынан 8,5 пайызға тең сомалы өнімге байланыссыз шараларға, екіншіден, осы өнімнің жалпы құнынан 8,5 пайызға тең сомалы нақты өнімге байланысты шараларға көмек көрсетілуі мүмкін. Бұған қоса, «жасыл себет» шеңберінде мемлекеттік қолдау ешқандай шектеусіз көрсетілетін болады. Оның ішінде ғылым, консалтинг, ветеринария, фитосанитария, инфрақұрылымдық жобалар, әлеуметтік қамсыздандыру және өнім құнына әсер етпейтін шаралар шектелмейді.
Субсидиялар ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің құнына тікелей тепе-тең болғандықтан Қазақстан үшін 8,5 пайыз саланың дамуына мемлекеттік қолдау көрсетудегі нақты мүмкіндік. Өткен жылдар көрсеткендей, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі әр 5 жыл сайын 2 есеге артып келеді. Сәйкесінше, айқындалған мемлекеттік қолдаудың көлемдері осындай қарқынмен ұлғайтылмақ. Біздің ендігі міндетіміз – толыққанды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету және өндіріс тиімділігін жоғарылату мақсатында оларды тиімді пайдалану.