Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы салымдарын баспана алуға, өзге қажеттіліктерге пайдалану бойынша алғашқы қадам жасалғанын айтты.
"Біздің мақсатымыз барлық жинақты таратып, қартайған шағында азаматтарды зейнетақыдан айыру емес. Ең алдымен, халықты "шынайы" жалақысын ашық көрсетуге ынталандыру керек", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі жеке парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында мемлекет басшысы зейнетақы жинағын баспана алуға, емделуге пайдалануға қатысты тапсырма берген болатын.