$ 444.22  476.38  4.82

«Шетелдік валюта операцияларына мораторий жарияланды» - теңге мен мұнайдың құнсыздануы туралы

«Бағамға қатысты түсініксіз жағдайды көріп тұрып, бірден айырбастау пунктіне барудың қажеті жоқ. Өйткені, валюта айырбастау орындарына бірінші болып барғандар ваютаны айырбастайтындар үшін қосымша табыс жасауға мүмкіндік береді», - дейді экономист.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

9 наурызға қараған түні ОПЕК келісімінің бұзылуы кезінде мұнай бағасы құлдырап кетті. Brent маркалы мұнай 30% арзандап, барреліне 34 долларға дейін төмендеді, WTI бағасы барреліне 30 долларға дейін түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, БАҚ материалдарын негізге ала отырып.

Бағаның бұлай құлауы 1991 жылғы «Шөлдегі дауыл» операциясы кезінен бергі ең нашар көрсеткіш болғанын Investing.com мәлім етті. Халықаралық форекс-нарығында мұнай бағасының құлдырауы салдарынан АҚШ доллары мен еуро айтарлықтай көтерілген.

Әлемдік мұнай бағасының құлдырауы туралы жаңалық шыққаннан кейін, елімізде 9 наурыз күні валюта айырбастау пунктерінде доллар мен еуроның теңгеге шаққандағы бағамы өсті. Таңартең 1 доллар 400 теңгеге жетсе, 1 еуро 450 теңгеге бағаланды. Дегенмен, түске қарай валюта бағамы сәл төмендеді.

allbanks.kz мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында валюта айырбастау пунктері 1 долларды орташа алғанда 391.53 теңгеден сатып алуда. Алайда, АҚШ валютасын сату көп жерде тоқтаған. Валюта айырбастау пунктері 1 евроны орташа алғанда 438.71 теңгеден сатып алуда, сату – 450.9 теңге.

Айта кету керек, ресми валюта сауда-саттығы демалыс күндерден кейін, 10 наурызда ғана жалғасады.

Осы орайда, әлеуметтік желілерге «шетелдік валюта операцияларына мораторий жарияланды» деген ақпарат тарап кетті. Ал Ұлттық банк дереу оның жалған ақпарат екенін мәлімдеді.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратылып жатқан 2020 жылдың 10-13 наурызында айырбастау пункттеріндегі шетелдік валюта операцияларына мораторий жарияланды деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - деді баспасөз қызметі. Ведомствоның хабарлауынша, желілер арқылы таратылып жатқан құжатта Ұлттық банк төрағасының қолы мен банк мөрі, нөмері жоқ. Ұлттық банктің ресми бланкісінің үлгісі де басқа.

Бұдан бөлек, теңге бағамының өзгеруіне қатысты пікір білдірген экономист Сергей Домнин волюта бағамына қатысты түсініксіз жағдайды көріп тұрып, бірден айырбастау пунктіне бару керек емес дейді.

«Көп жағдайда күйгелектік салдарынан болған ауытқулар орын алуда, яғни біреулер үшін бұл спекулятивтік болып отыр. Олар осындай жағдайды туындатуда. Менің ойымша, жағдай түзелуі тиіс», - деді ол.

Сонымен қатар, сарапшы халыққа бірнеше қарапайым кеңес берді.

«Біріншіден, бағамға қатысты түсініксіз жағдайды көріп тұрып, бірден айырбастау пунктіне барудың қажеті жоқ. Өйткені, валюта айырбастау орындарына бірінші болып барғандар ваютаны айырбастайтындар үшін қосымша табыс жасауға мүмкіндік береді. Екіншіден, адамдар өз шығындарын жоспарлаумен айналысуы керек, яғни қадамдарды ұзақ мерзімге белгілеу қажет», - деді экономист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары