$ 494.87  520.65  4.91

Назарбаева қазақ тауар өндірушілерін Өзбекстан мен Қырғызстаннан үлгі алуға шақырды

«Бостан-босқа қол қусырып, ештеңе істемей отыруға болмайды. Шамамыз жеткенше қолда бар мүмкіндіктерімізді пайдалануымыз керек», - дейді Сенат спикері.

Сенаттағы парламенттік тыңдауда спикер Дариға Назарбаева жеңіл өнеркәсіп өндірушілерін бәсекеге қабілетті болуға үндеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

«Бәсекелестік тым жоғарылап кеткен, сондықтан олармен жарысқа түсудің еш мәні жоқ. Одан да күш-жігерімізді болашағы бар, шамамыз жететін салаларға жұмсайық дегенді жиі естимін. Алайда, бұл шынымен де солай ма? Ұлттық жеңіл өнеркәсіптен бас тартып, тек импортқа сенім арту қаншалықты қисынды?

Әрине, бұл дұрыс емес. Қазіргі бәсекелестік тек жеңіл өнеркәсіпте ғана емес, нарықтың барлық саласында өсіп жатыр. Сол себепті, бәрін бәсекелестікке жаба салу аргумент емес», - деді Дариға Назарбаева.

Ол осы ретте алысқа бармай-ақ, көрші елдерге назар аудару керектігін ескертті.

«Сондықтан бостан-босқа қол қусырып, ештеңе істемей отыруға болмайды. Шамамыз жеткенше қолда бар мүмкіндіктерімізді пайдалануымыз керек. Мына тұрған көршілеріміз Өзбекстан мен Қырғызстанға қараңыздар. Бұл елдердің тауарлары Қазақстандағы отандық өнімге қарағанда, бірнеше есе көп сатылатыны шындық қой», - деді Сенат спикері.

Бұған дейін Сенаттағы парламенттік тыңдауда Дариға Назарбаева жеңіл өнеркәсіп саласының әлеуметтік маңыздылығын атап өтті. Оның сөзінше, бұл салада импорттың үлесі өте көп. Мемлекеттік тапсырыс берушілердің көбі төмен бағаға қызығады. Сондықтан алыпсатарлар арқылы шетелден тауар көп келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары