Қазақстанда коронавируспен күреске 191 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлованың мәліметінше, бүгінгі күнге коронавируспен күреске республикалық бюджеттен 191,9 млрд теңге бөлініп отыр. «Оның 125 млрд теңгесі бюджетті нақтылау аясында, 66,9 млрд теңгесі Үкімет резервінен бөлінген», - деді Берік Шолпанқұлов.
Оның атап өтуінше, аталған қаражат мақсатты бағыттарға жұмсалады және қатаң бақылауда болады. Бұдан басқа, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан Медициналық қызметтер сапасын бақылау комитеті арқылы да көрсетілетін медициналық қызметтерге бақылау жүргізіліп, қадағаланады.