$ 442.05  474.14  4.74

Ақтөбеде сармат жауынгерлерінің сүйектері табылды

Ақтөбе облысында сарматтардың кезінде өмір сүрген жауынгерлердің сүйегі табылды деп хабарлайды Informburo.kz.

Археологиялық экспедицияның жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ақан Оңғарұлының айтуынша, екі жауынгер барлық қару-жарағымен бірге жерленген. Олардың жанынан садақ пен оққа толы қорамсақ, ұшы темірден жасалған найзалар, қылыш пен қанжарлар табылған.

Ал, үшінші жауынгердің моласынан ұшы қоладан құйылған 184 оғы бар қорамсақ табылыпты.

"Төртоба" кешеніндегі қазба жұмыстары 2011 жылдан бері жүргізіліп келеді. Мұнда біздің заманымызға дейінгі VI-V ғасырларда өмір сүрген сармат көсемдерінің бірі жерленген. 5 жылдық зерттеулер кезінде қорымнан 7 мола мен діни рәсімдерді өткізуге арналған 2 нысан табылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары