$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да «Соз-Агро» корпоративтік қоры құрылды

Биыл ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында республика аумағында көптеген игі жобалар жүзеге асырылып келеді. Мұндай жағымды жаңалықтардан Оңтүстік Қазақстан облысы да кенде емес. Күні кеше облыстың Созақ ауданында асыл тұқымды мал өсіру, бордақылау және мал өнімдерін өңдейтін кешен - «Соз-Агро» корпоративтік қоры құрылды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аталған корпоратив қорын құруға аудан әкімдігі және уран өндіретін француздық «Арева» компаниясы мен қазақ-француз «Катко» БК-мен ұзақ жылғы келссөздердің нәтижесінде қол жеткізілгенін айта кету керек.

Құрылтайшысы «Арева НС-Катко-Демеу» болып табылатын корпоративтік қор бизнестің әлеуметтік жауапкершілік аясында аудандағы ауыл шаруашылық саласына 400 млн. теңге инвестиция құйып отыр.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Әбубәкір Сахиұлының айтуынша, аталған корпоративке 300 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара мен 15 бас асыл тұқымды бұқа алынбақ. Бүгінде кешеннен мал өрісіне жер бөлінген.

Іске асатын жобада мал басын алуға 50 млн. теңге, кешен құрылысына 268 млн. ал ауыл шаруашылығына қажетті техникаларға 82 млн. теңге қаржы жұмсалып, жалпы 50 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Сондай-ақ, «Соз- Агра» корпоративтік қоры алдағы уақытта Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің ғалымдарымен бірлесе отырып, аудан көлемінде ауыл шаруашылығын дамытуды көздеп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары