$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандықтар депозиттерін қай банкте сақтайды?

Бизнес қаржысын сақтау бойынша да бұл банк алда тұр – 463,9 млрд теңге. 2020 жылы ел тұрғындары бұл банктегі депозиттеріне 469 млрд теңге көлемінде қаржы құйған.
фото: pixabay. com
фото: pixabay. com

2021 жылдың басында ел тұрғындарының екінші деңгейлі банк депозиттерінде жинаған қаражаты 21,56 трлн теңгеге жетіп, алдыңғы бір жылмен салыстырғанда 19,9 пайыз өсім көрсеткен, деп хабарлайды egemen.kz.

Халықтың ақшасын сақтауға келгенде ТОП-10 қатарына кіретін банктің 9-ы оң өсімге ие екенін көрсеткен. Үздіктер көшін 932,9 млрд теңге, яғни рекордтық 43,9 пайыз өсімге ие Jýsan Bank бастайды. Бұл банкте сақталған жеке тұлғалардың да, заңды тұлғалардың да депозит көлемі орасан көп. Бизнес қаржысын сақтау бойынша да бұл банк алда тұр – 463,9 млрд теңге. 2020 жылы ел тұрғындары бұл банктегі депозиттеріне 469 млрд теңге көлемінде қаржы құйған.

Екінші орында – Kaspi Bank. Бір жылғы өсімі – 38,1 пайыз немесе 2,25 трлн теңге. Банк халықтың қаржысын сақтау бойынша ТОП-10 қатарына кіргенмен, бизнес қаржысын иелену тұрғысында үздіктер санатынан (13-орын) тыс қалған. Банктің негізгі өсімін бөлшек сауда сегментіндегі көрсеткіш құрап отыр – 2,02 трлн теңге немесе 32,3 пайыздық өсім.

Үшінші орынды Сбербанк алған. 35,5 пайыз өсім – 2,15 трлн теңге. Бұл банк бизнес салымы бойынша да, халық салымы бойынша да ТОП-10 қатарынан еркін орын алып тұр.

Жалпы, банк секторында бизнес-салым көлемі 22,5 пайызға, 10,62 трлн теңгеге ұлғайған. Халық депозиті 17,2 пайызға, 10,94 трлн теңгеге дейін өскен. Корпоративтік салымдар екінші деңгейлі банктер жиынтық депозит портфелінің 49,2 пайызын, бөлшек салымдар 50,8 пайызын еншілейді.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары