$ 474.72  515.17  5.58

Түркістанға жылына жарты миллион турист келеді

Мәселен, Түркістанға жылына 500 мың турист келеді. Атадан балаға мирас болған жердегі қызыға тамашалайтын орындарының бірі – тарихи-мәдени этнографиялық орталығы. Алты мың жәдігер сақтаулы тұрған музейде жаңашыл істер көп. Ағаштан жасалған хан тағы – орталықтың құнды экспонаттарының бірі. Ол көне жазбаларға, тарихи құжаттарға, археологиялық және ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, құрастырылған. Әдетте туристер осы жерде көбірек аялдап, шеберлердің қолынан шыққан тарихи туындының ою-өрнегіне сүйсіне қарайды.

Орталықта ескі Түркістан, Сауран қалаларының орындарында, Сырдария жағалауында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған бірегей құнды заттар да аз емес. Мысалы, мыс бақырлар сонау 14,17,18-ғасырдың көзі. Жебенің үшкір басын, қоладан жасалған қанжарды біздің дәуірімізге дейінгі 18-12 ғасырларда өмір сүрген адамдар пайдаланған.

Ал, осындағы әйелдердің басына тағатын алтынмен апталған әшекейлі бұйымына мың жарым жыл. Осы тарихи, мәдени құндылықтарды көзбен көруге жыл сайын бес жүз мың турист келеді екен.

Енді бұл экспонаттармен тереңірек танысу мүмкін болып отыр. Музей қызметкерлері келер жылдан бастап ақпараттық технологияны пайдалана бастайды. Электронды дүңгіршектер арқылы шетелдік қонақтар халықтың бай мәдениетімен кеңінен таныса алады.

Тұрар Әкімов, ОҚО тарихи-мәдени этнографиялық орталықтың директоры міндетін атқарушы:

- Қазіргі таңда орталығымызға алыс-жақын шет елдерден, мына Қытай республикасынан, Еуропа елдерінен көптеген туристер келуде. Біздің орталықтың жәдігерлерінің топтамасы нумизматикалық, археологиялық және жеке тұлғаларға арналған мемориалдық деп атайды ғой, сондай экспонаттар топтамасынан тұрады.

Қазір орталық қорында алты мыңға жуық жәдігер бар. Музей қызметкерлерінің айтуынша, олардың арасында азаматтардың өздері әкеліп табыстайтын ескі дүниелер де аз емес. Кейбір тарихи бұйымдардың көшірмесін жергілікті шеберлер мінсіз жасаған. Оның үстіне, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аталған музей тағы бірнеше құнды жәдігермен толығады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары