$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда Құрбан айттың бірінші күні 20 мың бас қой сойылды

Алматыда қасиетті Құрбан айттың бірінші күні шамамен 20 мыңдай қой сойылды деп жазады 24kz. Қасапханаларда сойылып жатқан мал басына нақты есеп жүргізілмегендіктен бұл цифра шамалап алынып отыр дейді телеарна тілшілері.

Ал, Астанада мұқтаж жандарға 1300 келідей ет пен дәнді дақылдар, ұн мен тәтті тағамдар таратылған. Барлығы 130 отбасыға бұл күні көмек көрсетіліпті.

Қасиетті мереке күні қайырымдылықпен айналысқан ұйымдардың бірі - "Зекет" қорының Астанадағы филиалы.

"Біз байлар мен кедейлер арасындағы көпір іспеттіміз. Мұнда зекет беруге ниет еткендер ағылып келіп жатады. Біз садақаға түскен осынау қаражатты жинап, мұқтаж жандарға таратып береміз", - дейді қордың Астанадағы өкілі Дина Боранбаева.

Бұл күні павлодарлықтар да жақсылық жасаудан қалысқан жоқ. Облыс орталығында 1000 адамға арнап палау басылып, 1 тонна бауырсақ әзірленді. Бұл тағамдардың бәрі балалар үйі мен интернаттарға таратылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары