$ 494.87  520.65  4.91

Жыл басынан бері мемлекеттік қазынаға 500 млрд теңге қайтарылған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұрланған активтерді қайтаруға, мемлекетке және Қазақстан халқына келтірілген залалды өтеуге мықтап кіріскен сыңайлы.

Бұл ақпаратпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство атап өткендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында табысты ұлтты қалыптастырудың маңызды факторларының бірі орта білім беру сапасы болып табылатынын атап өтті.

Әрбір қазақстандық оқушының оқуы және жан-жақты дамуы үшін лайықты жағдайы болуы тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы соттардың нәтижесінде мемлекет билігіне түсетін барлық заңсыз алынған қаражат мектеп құрылысына жұмсалуы керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы ретте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұрланған активтерді қайтаруға, мемлекетке және Қазақстан халқына келтірілген залалды өтеуге ерекше көңіл бөледі.

2022 жылдың 8 айында шамамен 500 миллиард теңге сомаға мүлік, активтер мен ақша қаражатын қайтару қамтамасыз етілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары