Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар


21.09.2017, 16:37

Алматыда бейнебақылау жүйелерін өндіретін кәсіпорын салу жоспарлануда

«Алматы-2020» бағдарламасының негізгі басым бағыттарының бірі – қаладағы қауіпсіздік деңгейін барынша жоғарылату. Бұл өз кезегінде шаһарға келетін туристердің санына тікелей әсер ететін фактор. Сондықтан, Алматының әр түкпіріне қала билігі бейнебақылау камераларын қоюды жоспарлауда. Ал, мұндай қымбат құрылғыларды шетелден сатып алмай, өзімізде өндіретін мүмкіндік бар. Ол үшін қалада бейнебақылау жүйелерін өндіретін кәсіпорын ашу керек. Бұл тұрғыда қазақстандықтарға көмекке Оңтүстік Кореяның ірі бизнес өкілдері көмектесуге дайын. Тек екіжақты келісімдер әзірленсе болғаны. Бұл туралы бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен оңтүстіккореялық Keon-A Information Technology Co. Ltd компанияның президенті Кван Хо Шим арасындағы кездесу барысында белгілі болды.

Алматы әкімі атап өткендей, Оңтүстік Корея Азия кеңістігінде Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптесі болып табылады. Алматы қаласында сауда, құрылыс, жылжымайтын мүлік, телекоммуникация және т.б салалар бойынша корей капиталының қатысуымен 279 кәсіпорын жұмыс істеуде. 2016 жылдың дәл осы кезеңімен салыстыра қарасақ, ағымдағы жылдың жеті айы ішінде тауар айналымы Алматы мен Оңтүстік Корея арасында 13,9% - ға өсіп, 83,4 миллион АҚШ долларын құраған.

«Қазіргі кезде «Алматы-2020» бағдарламасы аясында «Қауіпсіз қала» бағыты бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Заманауи технологиялар қойылған міндеттердің іске асырылуында ажырамас бөлігі болып табылады. Егер екі жыл бұрын қалада 60 мыңнан астам бақылау камералар жұмыс істесе, қазіргі таңда олардың саны 100 мыңнан асады және көшелерде ғана емес, аулаларда, қоғамдық кеңістіктерде. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады және видеотіркеу жүйе өңдірісін лакализациялау екі жаққа да тиімді болуы айқын» – деді Бауыржан Байбек.

Оңтүстік Корея компаниясы автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру жобасын 2012 жылдан бері Алматы қаласында жұмыс істейтін жол қозғалысының қауіпсіздігі жобасын іске асыруға белсенді қатысты.

ЖҚҚ ААЖ жұмыс істеген жылдар аралығында жыл сайын жол қозғалысының ережелерін бұзу саны орташа шамамен 20 %-ға төмендеуі байқалады. ЖҚҚ ААЖ жобасының екінші кезенің іске асыру мәселесі қаралуда. Соның шеңберінде «Keon-A» жаңартылған видеотіркеу құралдарымен Алматы қаласының қосымша учаскелері жабдықталатын болады. Біз инвестиция құюға, технологияларды беруге, персоналды оқытуға дайынбыз. Оған қоса индустриялық зона және – инвесторлар үшін жақсы жағдай беріледі. Бұндай ынтымақтастықтың перспективалары көз алдында көрініп тұр, соның ішінде «ЕАЭС» шеңберіндегі мүмкіндіктерге байланысты атап өтті Кван Хо Шим.

Бүгінгі күні «Keon-A» техникалық және бағдарламалық өнімдері Корея, Қазақстан, Қытай, Польша, Иран, Вьетнам және басқа елдерде қолданылады. Олар жол жүру ережелерін бұзу деректерін бақылау, қоғамдық көлік басқармасы жүйесі, мониторингтің біріктірілген орталығы және басқарма (қоғамдық қауіпсіздік, құқықтық тәртіп, көлік, муниципалдық қызмет жұмысын бақылау) сияқты жол-көлік басқармасының барлық аспектілерін қамтиды.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.