$ 444.22  476.38  4.82

Дәурен Айдарқұлов өзінен 15 жас үлкен әйелмен көңіл жарастырмақ

Алғашқыда 20 жастағы Ақботамен махаббат хикаясын бастан кешкен Айдарқұлов, 2018-ші жылы жаңа ғашығын таныстырды. Атышулы актер бұл жолы өзінен 16 жас үлкен келіншекпен көңіл жарастырып жүрген көрінеді деп мәлімдейді “НТК” арнасының “Ревю” бағдарламасы.

 «Класстастар!» Аталмыш фильмде басты рөлдердің бірін сомдайтын Айдарқұлов,  мектептен ұстаздарға ғашық оқушы болады. Романтикаға жаны жақын жігіт, жылдар жылжыса да бұл серілігінен еш арыла алмайды. Атышулы актердың картинадағы қалыңдығы – «Перекресток» телехикаясының жұлдызы Ирина Ажмұхамедова.

 – Сол себепті осы кинода мен өзімнің болашақ жұбайыммен таныстырамын. Ол кісі де менен үлкен, 15-16 жас үлкен сценарий бойынша. Өмірде де солай сияқты, Ирина деген актрисамыз, – дейді актер Айдарқұлов.

 Оқиға желісі 2000-жылы мектепті тәмәмдап, 18 жылдан кейін табысқан  түлектердің кездесуінен бастау алады. Картина продюсері Әсел Сәдуақасова –  осы ауылда мұғалім болып қызмет істейтін жас бикешті ойнайды. Сонымен қатар, шағын елді мекенде тойдың көркін қыздыратын асаба да, дәл осы сыныптан шыққан оқушы.

– Тамадамын ғой ауылда қалып кеткен, жалғыз тамада. Өзі 2-3 адам қалып кеткен ауылда, полиция қызметкері сосын мен, – дейді актер Марат Достаев.

Бұл сыныптағы оқушылардың барлығы сан түрлі мамандықты меңгерген. Мәселен, әнші Оchooou-ға ауыл тұрғындарының тәртібін қадағалайтын сақшының образы бұйырыпты.

–  Негізгі арманым, мақсатым осы полиция қызметкері болу болатын. Бірақ, тағдырдың бұйырғаны бойынша өнерге кеттім. Сол себепті, арманымның бір ұшы осы кинода орындалды десем артық айтпаспын, – деді актер әрі әнші Оcһоооu.

Қайрат Әділгерей керісінше мектепті тәмәмдаған сәттен-ақ, қалаға тайып тұрған түлектердің бірін сомдайды. Он сегіз жылдан кейін ауылға алғаш келген ол, бұл фильмде «күшік күйеудің» кейпінде екен.

– Менің достарым маған күліп айтады да, өзіңді ойнап жүр екенсің ғой деп. Отырысқа барған кезде кешігіп келемін.. Сол кезде айтады да, Бақыт жібермей қойды ма, әлде сұрандың ба деген сияқты өзара әзілдер ғой, – дейді актер Қайрат Әділгерей.

Ал, класстастардың қызықты хикаясын суреттейтін картина, осы жылы наурыз мейрамының қарсаңында қалың көпшілікке ұсынылмақ. 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары