$ 443.35  475.54  4.82

Төбеңнен құс ұшырмай: Димаштың ата-анасы ұлдарына ерекше құттықтау жазды

Бүгін – 24 мамыр. Димаш Құдайберген 24 жасқа толды. Ата-әжесінің тәрбиесінде болған әншіні әке-шешесі туған күнімен құттықтап, ерекше лебіздер жазды.

«Сен өмірге келген мамыражай мамырдың шуақты күні, ата-анамның «ұлды болдық!» деп шаттанып, ұлан-асыр той жасағаны, қуаныш үстінде Балапаным! 
Ата-анамның əлдиісің!
Алып ұшқан көңілімнің əн-күйісің!
Шат күлкімен өмірге адым баса ғой!
Бақытыңның шектелмесін мөлшері, жүрегімнің кіп-кішкентай бөлшегі!» деп əн арнағаным – күні кешегідей көз алдымда...

Бəріміздің махаббатымызға бөленіп өстің. Əсіресе, папамыз бен мамамыздың өзіңе деген сезімі ерекше болатын! Əлі күнге солай - төбеңнен құс ұшырмайды! Мамамыз басыңнан сипап отырып «менің құлыным бойы ұзын, ойы биік, арманы асқақ, жүрегі жұмсақ, мейірімді азамат болып өседі» деп айналып, толғанушы еді. Сен ақылды азамат боп ержеттің. 

Өмір – бұралаңды соқпақтардан, даңғыл жолдардан, жабысқақ батпақтардан, мөлдір айдындардан тұратын күрделі əлем... Əр адам өмірге өз терезесінен қарайды. Біреудің терезесі кіршіксіз таза – ол əлемнің бəрін əдемі етіп көреді, ал бір адамдар айналаға жуылмаған кір терезесінен қарайды...

Қандай адамды кезіктірсең де бойынан жақсылық іздеуге тырыс, шаттық сыйлауға тырыс!

Бүгін туған күнің! Өмірің мəнді де сəнді болсын! Өзіңді, өнеріңді жақсы көретін ата-ана, бауырларыңның, дос пейілді жандардың, тыңдармандарыңның қуанышы бола бер! Ғұмырың ұзақ, бақытты болсын, Диконым!», – деп жазды әншінің ата-анасы желідегі парақшаларына.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары