$ 444.22  476.38  4.82

«Жас қызға үйленді деп сөгу орынсыз»: Абай Бегей өзін сынаушыларға жауап берді

Бірнеше күн бұрын ғана екінші рет үйленіп, дүркіретіп той жасаған әнші Абай Бегей өзін сынағандарға жауап берді.

Оны жұрт жас қызға үйленді деп сөккен болатын. Ал әнші өзінен 16 жас кіші қызға әдейі үйленбегенін айтып, жұрт алдында ақталды.

«Үш жыл бұрын Анам, туған ағам, жан жарым дүниеден өтіп, біраз уақыт есеңгіреп қалған едім. Киналдым, қайғырдым, қажыдым. «Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан» деушілер көп болса да, үйленуден бас тартып жүрдім. Себебі, қыздарым мен ұлымның жүрегіне ауыр жара салудан қорықтым. Ешкімде ананың орнына ана бола алмасын түсіндім. Мен қанша үйленуден бас тартсам да өмірде отбасының ұйытқысы мен берекесі болар бір қисық қабырғаның қажеттігін түсіндім. Менің марқұм әкем мен анамның жас аралығы 16 жас. Өмірге екі қыз, алты ұл дүниеге келген мен кенжесімін. Мен әдейі жас қызға үйленейін деп іздемедім, осылай болды 16 жас. Жас қызға үйленді деп сөгу де орынсыз. Себебі, кімнің кімге жұп болатынын біз анамыздың ішінде жатқан кезде-ақ Алла тағдырымызға жазып қойған», – деп жазды Абай Бегей өз Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, әнші өзінің басқалары секілді қос-қостап әйел алып жатпағанын алға тартты. Сол себептен де желі қолданушыларынан өзін екінші рет үйленді деп жазғырмауларын сұраған.

Айта кетсек, Абай Бегейдің тойы Алматыда өтті. Дүркіреп өткен тойына жақын араластын әншілер мен туыстары қатысқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары