$ 444.22  476.38  4.82

«Маған көлік сыйлаған күні, біреулер оның айнасы үшін адам өлтіріп жатты»: Айнұр Тұрсынбавеа 35-ші көлігін мінді

Белгілі айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаева 35-көлігін мінді! Бұл жайында ол өз Instagram-парақшасында мақтанышпен жазды.

Айтуынша, ақын барлық көлікті адал еңбегінің арқасында иемденген. Мәселен, айтыстан осы уақытқа дейін 34 көлік ұтып алса, бұл жолы «Mersedes» көлігін өзі қосымша табыс тауып жүрген компания сыйға тартыпты.

«Өмір-ай десеңші... Маған «Mersedes» көлігін сыйлаған күні біреулер көліктің айнасы үшін адам өлтіріп жатты. Тереңірек үңілейікші. Ұрлық жасайтын, қылмыс жасайтын көбінесе кімдер?! Тұрмысы төмен, жоғары білім алуға жағдайы жоқ жастар. Бір кедейдің баласы «қарным ашты» деп жылап отырса байдың баласы таң қалып, «қарның ашса үйіңе барып бауырсақ жесеңші» депті ғой... Тоқшылық не дегізбейді, жоқшылық не жегізбейді... 35-ші көлігім айтыстан бөлек жерден бұйырды. Әрине, сіз танымалсыз, оқырманыңыз көп дейтін шығасарсыз. Онда фотоны жылжытып қараңыздар! Бұл ерінетін, үкіметке өкпелеп, Instagram шұқылап отыратын заман емес! Балаңды оқытып адам қылатын өзің! Инфляция анау өсіп жатқан.. Маған болмаса да әйтеуір бір тірліктің көзін табыңыз», – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева Instagram-парақшасына.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары