12.01.2018, 15:20

Мақпал Жүнісованы ұшақ қызметкерлері туған күнімен құттықтады (ВИДЕО)

Қазақстанның Халық артисі Мақпал Жүнісова осыдан 2 апта бұрын Түркияға жалғыз қызы Мерей Заманбекпен демалуға шыққан болатын. 54 жасқа толған туған күнінде елге бет алған өнер иесін ұшақ қызметкерлері арнайы құттықтады.

1954 жылдың 11 қаңтарында дүниеге келген қазақтың ерке қызына бортсеріктер тәтті торт тарту етті. Осы сәтті әнші өзінің Instagram-парақшасына бөлісіп, ерекше алғысын білдірді.

“Ұшақта да туған күнді қарсы алып жатқан берекелі бейсенбіде баршаңызға тек жақсылық болсын”, – деп жазды Халық артисі.

Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Теректі ауылында дүниеге келген.

Мақпал Жүнісова 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 31 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1981 жылы Днепропетровск қаласында өткен бүкілодақтық конкурста гран-при иеленді.

1998 жылы әнші оппозициялық саясаткер Заманбек Нұрқаділовпен некесін қиды.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Пікір қалдыру үшін әлеуметтік желі арқылы кіріңіз

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

    Яндекс.Метрика