$ 513  541.16  4.69

Әлем картасында жаңа мемлекет пайда болды

Африкадағы соңғы абсолютті монарх, Свазиленд королі Үшінші Мсвати өз елінің атауын Эсватини корольдігі деп алмастырды. Бұл туралы Reuters агенттігі жазып отыр. Свати тілінен аударғанда бұл атау «свази жері» деген мағынаны береді.

Мұндай шешімін король ел тәуелсіздігінің 50 жылдығы мен өзінің 50 жасқа толған туған күніне арналған мерекелік шара барысында жұртқа жария етті. Мемлекет атауын өзгертуге себеп болған ең бірінші жайт - жұрттардың Свазиленд пен Швейцария атауларын шатастырып алуы (Swaziland — Switzerland).

Эсватини корольдігі Африканың оңтүстігінде Оңтүстік Африка респуликасы мен Мозамбиктің аралығында орналасқан. Ол Ұлыбританиядан тәуелсіздігін 1968 жылы алды. Халқының саны шамамен 1,35 миллион адам. Бірақ, бұл нақты мәлімет емес. Өйткені, елдегі ересек адамдардың төрттен бірі (26,1 пайызы) иммун тапшылығы вирусын жұқтырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары