19.06.2018, 09:21

СҚО-да 7 жасар баланың суға қалай ағып кеткені белгілі болды

Солтүстік Қазақстан облысында көпірде ойнап жүріп суға ағып кеткен 7 жасар баланың мәйіті табылды. Марқұмның денесі оқиға орнынан 10 шақырым жерге ағып кетіпті деп хабарлайды КТК арнасы.

Қайғылы оқиға осыдан бір апта бұрын орын алған еді. 7 жасар Денис Захаревичтің жанында болған баланың сөзінше, ол қолындағы таяғын суға түсіріп алып, соны алмақ болған. Алайда аяғы тайып кетіп, басын темірге соғып алыпты. Салдарынан есінен танып қалған бала суға құлаған.

Баланың отбасы, құтқарушылар оның мәйітін бір апта бойы іздеген еді. Марқұмның өкпесінде ауа қалып қалғандықтан, мәйіт ұзақ уақыт бойы су бетіне шықпаған.

Оқиға орнынан 10 шақырым жерден табылған баланың мәйітін алғаш болып әкесі мен құтқарушылар көріпті.

«Мәйітті тәртіп сақшыларына бердік. Қайғы жұтқан әкесі баласын қолына алып, жаяу тура үйіне кетпек болып еді. Еңгезердей кісіні полиция келгенше бірнеше адам болып әрең ұстап тұрдық. Ер кісі болса да, қатты дауыстап жылады», – дейді СҚО ТЖД құтқару жасағының құтқарушысы Нұрлан Қолқашев.

Баланың денесі арнайы сараптамадан соң ғана туыстарына берілді. Бүгін марқұмды жерлеу рәсімі өтті.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...

Error: No articles to display

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.