$ 443.35  475.54  4.82

Қазақстан Ресейден құс етін тасымалдауға тыйым салды

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі құс тұмауына байланысты көрші Ресей елінің 36 құс фабрикасының өнімін әкелуге тыйым салды деп жазады Sputnik Қазақстан.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, халықаралық эпизотиялық бюро Ресей Федерациясының Курск, Пенза және Самара облыстарында жоғары патогенді құс тұмауын тіркеді. 

«Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі сальмонелла қаупіне байланысты бес ресейлік кәсіпорынның өнімін әкелуге уақытша тыйым салған болатын. Бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру аясында Қазақстан аумағына тірі құс пен инкубациялық жұмыртқа, жүн және қауырсындар, құс еті мен құстың барлық өнімдерін әкелуге тыйым салды», – деп жазылған хабарламада. 

Бұдан бөлек, жылы өңдеуден өтпеген құстарға арналған жемшөп пен жемшөп қоспалары, құстарды сақтауға, кесуге арналған жабдықтарды жеткізуге тыйым салынып отыр. 

Ресей Федерациясының ЕАЭО тізіліміне аталған облыстардың қандай құс шаруашылығы кәсіпорындары кіретінін мына жерден көре аласыздар. 

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі сальмонелла қаупіне байланысты бес ресейлік кәсіпорынның өнімін әкелуге уақытша тыйым салған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары