$ 449.58  486.94  4.86

"Қазақ жігіттеріне пәк қыз керек": Қытайға тұрмысқа шыққан Ләйлә күйеуін мақтап, ақтап әлек

Соңғы кездері қытайға тұрмысқа шығып жатқан қазақ қыздарының тағдыры көпшілікті алаңдатып жүргені рас. Бірі - жақтап, екінші бірі -даттап жатыр. Бірақ кетем деген қызды ұстап қала алмайтынын бәрі де біледі. Жұрттың сөзіне, қарсылығына қарамай, шетелдіктің етегін ұстаған Ләйлә есімді қазақ қызы желідегі парақшасына бұндай қадамға не үшін барғанын айтып ақталды.

Ләйләнің күйеуі отасқалы мұсылман дінін қабылдап, шошқа етінен де бас тартыпты.

"Менің күйеуім үйінің үлкені. Мені, анасын, 4 бауырын бағып отыр. Оған менің бір жерді тіреп тұрған туысымның болуы маңызды емес. Әке-шешемнің қандай болғаны да. Менің дене бітімім қалай болса, солай барымен қабылдады", - деп бастады ол сөзін.

Ләйләға жақсы жігіт кезікпегенге ұқсайды. Тағдыр ғой. Сол үшін де қазақтың ер азаматтарынан қатты көңілі қалыпты.

"Біздің жігіттер өздері түнгі клубтарда қыдырып, жататын қызымен жатып келеді де пәк қыз іздеп шығады. Адам өзіне қарау керек қой.

Маған түрлі пікір жазып жатыр: "Бұны атып тастау керек", "Ұрып, қуу керек", "Қазақстан азаматтығынан айыру керек" деген сияқты. Кешіріңіздер. Бірақ мен адамды ұлтына, нәсіліне қарап бөлмеймін. Алланың алдында бәріміз теңбіз.

Менің күйеуім ешқашан басқа адамға себепсіз тіл тигізбейді. Сол үшін де оны сыйлаймын. Адамгершілігі мол. Оның болашағына зор сеніммен қараймын. Кешіріңіздер, адамдар, шынайылығым үшін", - деп сөзін аяқтады Ләйлә.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары