11.07.2018, 12:54

«Мені буындырды»: Шымкентте такси жүргізушісі полицейлерден көрген қорлығын жайып салды

Шымкенттегі қалааралық такси жүргізушісі Дархан Ділдашбековтың сөзінше, ол Темірлан тас жолында тұрған кезде, полиция қызметкерлері келіп, құжаттарын көрсетуін сұраған. Өз кезегінде Дархан олардан тексеріс себебін сұрапты. Алайда олар жауап бермеді, дейді ол.

«Полицейлердің бірі менен көліктің кілтін алып алды. Мұнан кейін қызметтік көлікке отыруымды бұйырды. Мен бас тартқаннан кейін, олар маған күш көрсете бастады. Олар мені буындырып, басымнан ұрды. Мен есімнен танып қалдым. Мұнан кейін Громов көшесіндегі айыппұл тұрағында есімді жидым», – дейді Дархан Ділдашбеков.

Өз кезегінде оқиғаға қатысы бар полицейлер өздерінің заңғы қайшы ірекет жасамағынын айтты.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, жол ережесін бұзған жүргізушіге қатысты бірнеше әкімшілік хаттама толтырылған.

Ал Дархан Ділдашбаев абайлық полиция бөліміне өзін ұстаған полицейлердің үстінен арыз жазған. Сонымен қатар ол полиция қызметкерлерінің әрекетіне дұрыс баға берілуі үшін, прокуратураға жүгінбек.

Дереккөз: TVK арнасы

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.