$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда ағаштың астынан табылған 5 жасар бала есін жиды

Алматыдағы Шығыс айналма жолында көлік қағып кеткен 5 жасар бала есін жиды деп хабалайды Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

«Жағдайы тұрақты ауыр, бірақ жақсарып жатыр. Ертең нейрохирургия бөліміне ауыстыруға дайындап жатырмыз. Толықтай есін жиды, сұрақтарға дұрыс жауап беріп жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

ІІД мәліметінше, Алматы полицейлері Шығыс айналма жолында баланы қағып кеткен жүргізушіні әлі тапқан жоқ.

Еске салайық, осыған дейін Шығыс айналма автожолында баланы көлік қағып кеткені туралы хабарланған еді. Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, «баланы көрпеге орап, Брянская көшесіндегі ағаштың түбінде тастап кеткен». Алайда жол апаты болған жер бала табылған жерден алысырақ болған.

Дәрігерлердің айтуынша, бала үшінші деңгейлі кома және төртінші деңгейлі травматикалық шок алған жағдайында балаларға шұғыл жәрдем көрсету орталығына түскен. Оған жедел ота жасалған. Ал кейінірек оқиғаның видеосы жарияланған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары