$ 444.22  476.38  4.82

Facebook қарудың сызбаларын жариялауға тыйым салмақ

Facebook әлеуметтік желісі парақшада 3D-принтердің көмегімен атыс қаруын жасауға арналған сызбаларды жариялауға тыйым салмақ деп хабарлайды ТАСС.

Бейсенбі күні Facebook желідегі осындай контенттің барлығын, басқа сайттарға сілтемелерді қоса өшіретінін мәлімдеді.

«3D-принтерлердің немесе цифрлық бағдарламалар арқылы басқарылатын станоктардың көмегімен атыс қаруын жасауға болатын нұсқауларды орналастыруға тыйым салынады. Осы саясатқа байланысты, мұндай контентті Facebook-тен өшіреміз», - делінген әлеуметтік желінің мәлімдемесінде.

Соңғы кезде АҚШ-тағы жаппай атыстарда AR-15 винтовкасы мен тапаншалар пайдаланылған. Олардың әлеуметтік желіні кезіп жүрген сызбалары арқылы кез келген адам 3D-принтердің көмегімен қару жасай алатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары