$ 511.22  540.05  4.73

Петропавлда экс-шенеунік екі қызды қағып кетті (ВИДЕО)

Петропавлда Lexus автокөлігінің жүргізушісі екі қызды қағып кетті. Біреуі жан сақтау бөлімінде жатыр деп жазады «Петропавловск.news».

Жүргізуші жолдың арғы бетіне өтпек болған қызды «Ударник» сауық кешенінің жанында таңғы сағат 04:30 шамасында қаққан. Басылымның жазуына қарағанда, ол жерде жылдамдықты асыруға болмайды.

Соққыдан алған екі қыз ауруханаға жеткізілген. Екеуінің біреуі жан сақтау бөлімінде жатыр.

Полиция болған оқиғаға қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Кейбір мәліметтерге сүйенсек, екі қызды қаққан көлікті облыстық Мемлекеттік кіріс департаментінің бұрынғы шенеунігі тізгіндеген екен.

Ал басқа мағлұматтарда көлікті Петропавлдағы ірі фирмалардың бірінің қожайынының ұлы айдаған делінген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары