$ 444.22  476.38  4.82

Қостанайда ер адам өзімен бірге тұратын әйелді пышақтап өлтірді

Қостанай облысында 38 жастағы ер адам өзімен бірге тұратын әйелді пышақтап өлтірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Әулиекөл ауданында болған. Ер адам өзімен бірге тұратын 26 жастағы әйелді пышақпен ұрған. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Артынша күдікті пәтерден қашып кеткен. Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады.

«38 жастағы Әулиекөл ауданының тұрғынына қатысты ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары