$ 448.15  483.46  4.86

Ақмола облысында жылу қазандығы жарылып, 1 әйел мен 5 бала зардап шекті

Ақмола облысы Аршалы ауданында жылу қазандығы жарылып, 6 адам зардап шекті деп жазады abctv.kz.

Жылу қазандығы жарылған кезде үйде 1981 жылғы әйел мен 5 бала болған.

«Түрлі жарақат алған әйел мен балалар жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Дәрігер қарауында болған 6-ауы да кейін үйлеріне қайтарылды», - деп хабарлайды Ақмола облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына 6 құтқарушы жеткен. Қазандықтың неге жарылғаны анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары