$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде микроавтобус жүргізушісі 19 жастағы қызды қағып кетті

Өскеменде жаяу жүргіншілер жолағында микроавтобус жүргізушісі 19 жастағы қызды қағып кетті деп жазады yk-news.kz.

Оқиға 8 қазан күні Тәуелсіздік даңғылында болған.

Қоғамдық көліктің 33 жастағы жүргізушісі  жаяу жүргіншілер жолағында өтіп бара жатқан 19 жастағы тұрғынды қағып кеткен. 

«Дене жарақатын алған қыз бала 1-қалалық ауруханаға жеткізілді. Жүргізушіге қатысты алдын ала тергеу басталды», - дейді қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары