$ 444.22  476.38  4.82

Ақтөбеде аяғы ауыр мұғалім көшеде қайтыс болды

Ақтөбеде 30 жастағы мұғалім жедел жәрдем көлігінде көз жұмды деп жазады «Актобе Таймс».

Бұл оқиға 11 қазанда болған. Жаяу жүргіншілер Әлия Молдағұлова ескерткішінің маңында сәкіде ес-түссіз жатқан жүкті әйелді көріп, бірден жедел жәрдем шақыртқан.

«11 қазан күні Ақтөбе облысында жедел жәрдем көлігімен ауруханаға ессіз күйдегі әйел жеткізілген. Ол сол күні көз жұмды. Полицейлер тергеу жүргізіп, сараптама тағайындады. Өлімнің себебі анықталуда. Оқиғаға қатысты басқа ақпарат жарияланбайды», – дейді Ақтөбе облыстық ІІД.

Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің жүктілігіне 36 апта болған. Оның іші жарақаттанып, көкбауыры жарылған. Жүкті әйелдің өзі құлады ма, әлде әлдекім шабуыл жасаған ба, бұл анықталатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары